Кедергілер кеңесінің №11 Хаттамасы
27 қазан 2023 жыл (15:30с.) Талдықорган қ.
ZOOM арқылы
Төрашылық етуші: С.П. Иванова - кедергілер кеңесінің төрайымы.
Хатшы: А. Хасанаева
Қатысқандар: Кедергілер кеңесінің мүшелері
Күн тәртібі:
ҚР Экологиялық кодексінің талаптарын орындаудағы проблемалық мәселелер мен кедергілер. Кездесу барысында кедергілер жөніндегі кеңестің төрайымы Иванова Светлана Петровна қатысушыларды отырыстың күн тәртібімен, мәселелер мен оларды шешу жолдарын сипаттаумен таныстырды.
ҚР Экологиялық Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 147-бабына сәйкес I санаттағы объектілердің операторлары қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға осындай объектілерді пайдалану салдарларын жою бойынша, оның ішінде болашақта туындайтын талаптарға қатысты өз міндеттемелерін орындауды қаржылық қамтамасыз етуді (бұдан әрі – қаржылық қамтамасыз ету) беруге тиіс.
Қаржылық қамтамасыз ету бірнеше түрдің бірінде (кепілдік, банктік салым кепілі, мүлік кепілі, сақтандыру) немесе олардың жиынтығында банктік салым кепілі түріндегі қаржылық қамтамасыз ету үлесі мыналарды құрауы тиіс болған жағдайда беріледі:
1) объект пайдалануға берілген күннен бастап он жыл өткен соң – жалпы қаржылық қамтамасыз ету сомасының елу пайызынан кем емес;
2) объект пайдалануға берілген күннен бастап жиырма жыл өткен соң жалпы қаржылық қамтамасыз ету сомасының жүз пайызы болған жағдайда, І санаттағы объект операторының таңдауы бойынша, осы баптың 4-тармағында көзделген.
Ұсынылған шешім:
147-баптың 11-тармағы осы бапқа сәйкес мыналар:
1) өздеріне қатысты жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді берген немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жою қоры қалыптастырылған I санаттағы объектілер;
2) өздеріне қатысты мұндай объектілердің операторы осы Кодекстің 350-бабының 16-тармағына сәйкес жою қорын қалыптастырған полигондар үшін қаржылық қамтамасыз ету талап етілмейді.
Пайдалану тоқтатылғаннан кейін қоршаған ортаға теріс әсердің болмауына байланысты құс фабрикалары үшін - 3-тармақты қосу.
418-баптың 15-тармағы:
I санаттағы қолданыстағы объектілерге қатысты осы Кодекстің 147-бабының 5 және 6-тармақтарында белгіленген мерзімдердің өтуі 2028 жылғы 1 шілдеден басталады.
Немесе құс фабрикаларына қатысты объектілерді 1 санатан 2 санатқа ауыстыру.
Отырыс нәтижесінде мынадай шешім қабылданды:
Кедергілер
Кеңесінің төрайымы С.П. Иванова
Хатшы ___________ А.Хасанаева