«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383-V Заңына (бұдан әрі - Заң) және Қоғамдық кеңестер туралы үлгілік ережеге сәйкес Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қоғамдық кеңесін (бұдан әрі - Кеңес) қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Қазақстан Республикасының азаматтары мен коммерциялық емес ұйымдарының өкілдері арасында конкурс жариялайды.
Кеңестің сандық құрамы 15 адам, оның ішінде 3 – мемлекеттік органның өкілдері, 12 – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, Қазақстан Республикасының азаматтары.
Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматы Кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күні ішінде қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтінішті және (немесе) ұсыныс беру пошта немесе электрондық мекенжайға ұсыныстар береді.
Конкурсқа қатысу үшін кандидат мынадай құжаттарды:
1) кандидатураны Кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші (1 және 2-қосымша);
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер (3-қосымша);
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама ұсынады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және
4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе Агенттіктің көрсетілген анықтамаларды ақпараттық жүйелерден талап етіп алдыруына жазбаша келісуі арқылы ұсынады.
Кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға тиіс;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға тиіс;
3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.
Кандидат в члены Совета представляет справки, предусмотренные в вышеуказанных пунктах 3) и 4) самостоятельно или посредством письменного согласия на истребование указанных справок Агентством из информационных систем.
Құжаттарды ұсыну мерзімі: 2023 жылғы 10 қарашаны қоса алғанда.
Байланыс мәліметтері: Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті дамыту және қорғау агенттігі, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 1-кіреберіс. Е-mail: a.sapuanova@azrk.gov.kz.
Қосымша ақпарат алу үшін 8 (7172) 74 34 37 нөміріне хабарласуды сұраймыз.