Кедергілер кеңесінің №10 Хаттамасы

Кедергілер кеңесінің №10 Хаттамасы

 

 

3 қазан 2023 жыл (15:00с.)                                                    Талдықорган қ.

ZOOM арқылы

 

Төрашылық етуші: С.П. Иванова - кедергілер кеңесінің төрайымы.

Хатшы: А. Хасанаева

 

Қатысқандар:  Кедергілер кеңесінің мүшелері

 

          Күн тәртібі:

Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар, заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалармен бәсекелестікті шектеуі. Кездесу барысында кедергілер жөніндегі кеңестің төрайымы Иванова Светлана Петровна қатысушыларды отырыстың күн тәртібімен, мәселелер мен оларды шешу жолдарын сипаттаумен таныстырды.

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментімен акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындардың, заңды тұлғалардың және олармен үлестес тұлғалардың қызметіне мониторинг жүргізу барысында, «Қорғас - Шығыс қақпасы» АЭА БК, Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ «Жетісу» футбол клубы МКҚК, «Қорғас-Коммерц» ЖШС, ««Дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығы» ЖШС акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар, заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар монополияға қарсы органның келісімінсіз қызметті жүзеге асырған.

Жоғарыда аталған мемлекеттік кәсіпорындар, серіктестіктер көрсететін қызмет түрлері "Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар, заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015.12.28 №1095 қаулысымен бекітілген қызмет түрлерінің тізбесіне сәйкес келмейді (бұдан әрі-Қаулы).

Сонымен қатар, "Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы" ММ және «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жетісу облысы бойынша филиалы Талдықорған қаласының тіркеу және жер кадастры жөніндегі бөлімінің «Дін саласындағы проблемаларды зерттеу және оңалту орталығы "ЖШС-ін монополияға қарсы органның келісімінсіз мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырды.

Яғни, аталған мекемелерге, мемлекеттік кәсіпорындар мен серіктестіктерге бәсекелестік ортадағы қызметтер нарығындағы бәсекелестікті шектеуге құқығы болмаған.

Ұсынылған шешім:

Осыған байланысты, Департаментке «Қорғас - Шығыс қақпасы» АЭА БК, Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ «Жетісу» футбол клубы МКҚК, «Қорғас-Коммерц» ЖШС, «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығы» ЖШС, "Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы" ММ және «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жетісу облысы бойынша филиалы Талдықорған қаласының тіркеу және жер кадастры жөніндегі бөліміне Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін іс-қимылдарын қарауды ұсынамыз және тиісті шаралар қабылдауды.

Отырыс нәтижесінде мынадай шешім қабылданды:

  1. Кеңес мүшелері бұл мәселені өңірлік кедергілер картасына енгізу қажеттігі туралы шешім қабылдады.
  2. Департамент Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасына қатысты, құқықтық және консультативтік мәселелер бойынша көмек көрсету жалғастырады.
  3. Жиналысқа қатысушылар тауар нарығында шығатын кедергілерді анықтау және жою бойынша ұсыныстар енгізу.

 

 

 Кедергілер

 Кеңесінің төрайымы                                                                        С.П. Иванова

 

 

 

Хатшы ___________  А.Хасанаева

Кедергілер кеңесінің №10 Хаттамасы
Дата публикации
26 октября 2023