ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІНІҢ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҮШІН ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІН ІРІКТЕУ БОЙЫНША ҚОСЫМША КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУЫ

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) жетіспеушілікке байланысты Агенттіктің Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша қосымша конкурс өткізілетінін хабарлайды («Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы ҚР Заңына және 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеге сәйкес).

Конкурс Қазақстан Республикасының азаматтары мен коммерциялық емес ұйымдарының өкілдері арасында өткізіледі.

Құжаттар 2023 жылғы 9 қазанға дейін (қоса алғанда) қабылданады.

Жұмыс тобының сандық құрамы 6 адам, оның ішінде 2 – мемлекеттік органның өкілдері, 4 – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, Қазақстан Республикасының азаматтары.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

  • Нысанға сәйкес кандидатураны Жұмыс тобының құрамына ұсыну туралы берілген азаматтың өтініші (1-қосымша);
  • Кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер (2-қосымша);
  • Кандидатураны Жұмыс тобының мүшелігіне ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы (бар болса) (3-қосымша);
  • Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.

 

Жұмыс тобының отырыстарына қатысуға үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралымдарың, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері болып табылатын дауыс беру құқығы жоқ байқаушылар жіберілетініне назар аударамыз.

Жұмыс тобының отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін байқаушы болуға ниет білдірген адам,  берілген нысан бойынша өтініш бере алады (4-қосымша).

Құжаттар a.sapuanova@azrk.gov.kz электрондық поштаға жіберіледі

Анықтама үшін телефон: 8 7172 74 34 37

Қосымша1.
Қосымша2.
Қосымша3.
Қосымша4.

Дата публикации
06 октября 2023