Протокол №8 от 07.09.2023 г Жамбылская область

Тауар нарықтарына кіру кедергілерін анықтау және жою жөніндегі кеңес отырысының

№8 ХАТТАМАСЫ

Тараз қ.                                                                                                       01.08.2023 ж.

        

Төраға: Д.К. Мухиев – «Д. Мухиев» ЖК директоры.

 

Кеңес хатшысы: Л.А. Оспанова - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті бәсекелестікті дамыту бөлімінің басшысы.

 

Қатысушылар: Л.Р. Султанкулова - ҚР Жамбыл облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі департаменті басшысының міндетін атқарушы, кеңес мүшелері: А.К. Әбдіқадыров - Жамбыл облысы Кәсіпкерлер Палатасы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары, С.К. Үрпеков – «Тараз көтерме тарату орталығының» басшысы, А.Д. Жиеналиев – «Фиркан» ЖК басқарушы директоры, В.А. Пак. - жеке кәсіпкер «Табыс-Цемент», Маханбаев А.Ж. – «Қатты-тұрмыстық қалдықтарды шығару жөніндегі кәсіпкерлер қауымдастығының» басшысы, Айдаров Л.А. – «Бизнесті индустрияландыруға жәрдемдесу Палатасы» қауымдастығының заңды тұлғалар бірлестігінің Басқарма төрағасы, Көпелбек Талғат Оразбекұлы - Садыхан ОКДМО эпидемиолог дәрігері, Федорова Ирина Геннадьевна - Жамбыл облысы бойынша «Азаматтық құқықтарды қорғау комитеті» ҚБ басшысы, Ким М.Б. - «Агрессивті культтерді зерттеу» қоғамдық бірлестігі төрайымының міндетін атқарушы, «Бітімгер-Ел» Медиация орталығы және құқық» қоғамдық қоры басшысының орынбасары.

Қатыспағандар: Көпелбек Талғат Оразбекұлы - ОКДМО эпидемиолог дәрігері Садыхан, Рахимбердиев Марат Сапарұлы – «Агроспецстрой» ЖШС бас директоры.

 

 

КҮН ТӘРТІБІ:

Тараз қаласы аумағындағы саябақтарды балансқа беру және жерлерін жалға беру мәселесі.

 

 

Кеңес отырысын кеңестің төрағасы Д. К. Мухиев ашты. Өз сөзінде келесіні баяндады.

Тараз қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 2 наурыздағы «Жасыл Ел-Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталын ұлғайту туралы» №384 қаулысы негізінде «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі жалпы жер учаскесінің көлемі 15,4143 га құрайтын Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағын және жалпы жер учаскесінің көлемі 4,0305 га құрайтын Қ.Рысқұлбеков атындағы саябағын «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС-нің жарғылық капиталына берілген.

Алайда, Тараз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімінің 2022 жылғы                                           15 желтоқсандағы «Теңгерімге беру туралы» №77 бұйрығымен «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС-нің теңгеріміндегі жер көлемі 15,4143 га құрайтын Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағы Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің теңгеріміне қайтарылған.

Бұдан бөлек, 2023 жылғы 3 сәуірдегі Тараз қаласы әкімінің міндетін атқарушы Қ.Исмаилдың төрағалығымен өткен кеңестің хаттамасында Жеңіс саябағындағы  Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің теңгеріміндегі 2,3 га жер көлемін және қаладағы саябақтарды «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС-не уақытша жедел басқаруға беру тапсырылған.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Тараз қаласы әкімдігі актiлер не шешiмдер қабылдаудан көрiнетiн бәсекелестiктi шектеуге немесе жоюға алып келген немесе алып келуі мүмкiн бәсекелестiкке қарсы әрекеттерге (әрекетсіздікке) жол бергендігін атап өтті.

Сонымен қатар, Тараз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімінің 2018 жылғы                     18 қыркүйектегі шешімімен бекітілген «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС-нің Жарғысында саябақ аумағындағы жерлерді жалға беру қызметі қарастырылмағандығын ескерместен және Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағы мен «Көне Тараз» тарихи-этномәдени, «Тектұрмас» этно-тарихи кешені «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС-нің теңгеріміне кірмейтіндігін ескерместен Тараз қаласы әкімінің орынбасары Қ.Исмаилдың төрағалығымен өткен жиналыстың 2023 жылғы 19 мамырдағы               №14 хаттамасында «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС-нің директорына Жеңіс, Қ.Рысқұлбеков саябақтарындағы және «Көне Тараз» тарихи-этномәдени, «Тектұрмас» этно-тарихи кешендері аумағындағы жер көлемдерін жалға беруде кәсіпкерлермен келісім-шарттың айлық төлем ақысын 1 шаршы метрге 1 (бір) АЕК (айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінде жасауын қамтамасыз ету тапсырылған.

Алайда, «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС Қ.Рысқұлбеков саябағының аумағында орналасқан жерлерді жалға беру келісім-шарттарында 1 шаршы метрге 1 (бір) АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көрсете отырып, кәсіпкерлерге басқа соманы бекітіп артықшылықтар көрсеткендігін атап өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша күн тәртібіндегі мәселе бойынша кеңес мүшелері бірауыздан ұсыныс жасады:

     1) Тараз қаласы әкімдігінің әрекетінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілері қарастырылуына байланысты, монополияға қарсы орган Қазақстан Республикасы Кәіспкерлік кодексінің 199-бабының 1-тармағына сәйкес, әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің бар екені туралы хабарлама жіберу қажет.

      2) Қазақстан Республикасы Кәсіпкелік кодексінің 192-бабаының 8-тармағына сәйкес, өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен үлестес тұлғалардың жүзеге асыратын қызмет түрлерін монополияға қарсы органның келісімінсіз құруға, кеңейтуге және (немесе) өзгертуге тыйым салынады және бұл Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді, яғни монополияға қарсы орган бұзушылықтар мен олардың салдарларын жою туралы нұсқама шығару қажет.

 

 

Хатшы                                                                                               Л.А. Оспанова

Протокол №8 от 07.09.2023 г Жамбылская область
Дата публикации
03 октября 2023