Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Агенттіктің Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізілетінін хабарлайды («Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы ҚР Заңына және 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеге сәйкес).
Конкурс Қазақстан Республикасының азаматтары мен коммерциялық емес ұйымдарының өкілдері арасында өткізіледі.
Құжаттар 2023 жылғы 29 қыркүйек – 4 қазан аралығында қабылданады.
Жұмыс тобының сандық құрамы 6 адам, оның ішінде 2 – мемлекеттік органның өкілдері, 4 – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, Қазақстан Республикасының азаматтары.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
Жұмыс тобының отырыстарына қатысуға үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралымдарың, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері болып табылатын дауыс беру құқығы жоқ байқаушылар жіберілетініне назар аударамыз.
Жұмыс тобының отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін байқаушы болуға ниет білдірген адам, берілген нысан бойынша өтініш бере алады (4-қосымша).
Құжаттар a.sapuanova@azrk.gov.kz электрондық поштаға жіберіледі
Анықтама үшін телефон: 8 7172 74 34 37