№ 3 ХАТТАМА
«Автосалондардың «қағаз» кезегін электрондық форматқа ауыстыру» мәселесін қарау қорытындысы бойынша кедергілер жөніндегі кеңестің отырысы
07 сәуір 2023 жыл – 11:00. Петропавл қ.
Кедергілер жөніндегі кеңес: Иванов О.А. – кеңес төрағасы, Хамзин М.В. – кеңес төрағасының орынбасары, Алиппаев А.А., Жаркова О.В., Ухов А.Н., Харбедия О.О., Рахимов Б.К., Мендеев Р.З., Тасболат М.А., Бухонин И.В., Казанцев А.В., Абиев Е.А.
Күн тәртібі:
«Автосалондардың «қағаз» кезегін электрондық форматқа ауыстыру»
Шақырылғандар:
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының басшысы - Хабибулин Дамир Равилевич,
СҚО әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары - Садыков Нуржан Шнарович,
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысының орынбасары - Мияшева Лазьм Исмагуловна,
«Атамекен» ҚР ҰКП СҚО бойынша аумақтық бөлімшесі директорының орынбасары - Казиев Женис Абаевич,
«Тұтынушылар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау қауымдастығы» Солтүстік Қазақстан қоғамдық бірлестігінің төрағасы - Дубовая Надежда Владимировна,
«Петропавл қаласындағы Вираж» ЖШС филиалының директоры - Тюрин Сергей Степанович,
«Вивага-Лада» ЖШС автомобильдерді сату бөлімінің бастығы - Перч Олег Викторович.
Кеңес мүшелерінің ұстанымы:
Кеңес төрағасы-Иванов Олег күн тәртібіндегі мәселені баяндай отырып, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің СҚО бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) жанындағы кедергілер жөніндегі кеңестің отырысын ашты.
2023 жылғы 07 сәуірдегі Департаменттің кедергілерді анықтау және жою жөніндегі кеңесінің (бұдан әрі - Кедергілер жөніндегі кеңес) отырысында 4% жеңілдікті автокредит беру саласындағы тосқауыл, атап айтқанда «автосалондардың «қағаз» кезегін электрондық форматқа ауыстыру» мәселесі қаралды.
Департамент басшысының орынбасары А.А. Алиппаев Кеңес мүшелеріне тапсырманың мәнін түсіндірді. Осы мәселені қарауға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті РММ-ның автосалондардың «журналы» қағаз кезегін тиісті интернет ресурсқа электрондық форматқа ауыстыруға бастамашылық жасау ұсынысы (27.03.2023 жылғы шығ. № 27-1-3/634-И) бойынша хаты негіз болып табылады.
Департамент сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынымын орындау үшін кедергілер жөніндегі Кеңестің осы отырысына бастамашылық жасады.
Кедергілердің болуы (болмауы) туралы мәліметтер:
1 Кедергі
Мониторинг нәтижелеріне сәйкес, бүгінгі күні Петропавл қаласының автосалондарында жеңілдетілген кредит беру бағдарламасына бөлінген автомобильдер жоқ. Автосалон қызметкерлері тұтынушыларға «қарындаш» кезекке тұруды ұсынады (кез келген тұлға кезекке (журналға) жеңілдікті несие алуға жазылады). Көлік келіп түскеннен кейін тұтынушыларға телефон қоңыраулары арқылы сатып алу мүмкіндігі туралы хабарланады, бұл ретте рәсімнің толық ашықтығы жоқ, өз кезегінде атап айтқан кедергі сатушылардың жеке пайда алу мақсатында тұлғаларды өз таңдауына байланысты хабардар етуге мүмкіндік туғызады.
Ұсыныс:
Жұмыс органына (Кеңес хатшысына) шешім қабылданды:
Кеңес төрағасы Иванов О.А.
Кеңес Хатшысы Исентаева А.Т