Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы конкурс арқылы Қызылорда қаласында орналасқан мектептерде стоматологиялық кабинеттер ашу мақсатында мектептердегі бос кабинеттерді жеке кәсіпкерлерге мүліктік жалға (жалдау) беріп отырды.
Бұл ретте, жеке кәсіпкер стоматологиялық лицензиясы бола тұра, стоматологиялық қызмет көрсетпей, «Орталық қалалық емхана» ШЖҚ РМК-на мектептердегі стоматологиялық кабинеттерді қосалқы жалға берген. Осылайша, мемлекеттік кәсіпорын ережелерді айнала, бәсекелестік нарығына шықты.
Мектептерде стоматологиялық кабинеттер ашуға арналған мүлікті мемлекеттік кәсіпорындарға қосалқы жалға беруге тыйым салуды белгілеу мақсатында Республикалық Кедергілер картасында Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалға (жалдау) беру қағидаларына толықтырулар енгізу жөніндегі іс-шара қарастырылған (бұдан әрі – Қағида).
Осылайша, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 156 бұйрығымен Қағидаларда, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар қосалқы жалдаушылар ретінде айқындалды