НАРЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРІ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША БҚДАД ХАБАРЛАМАЛАРЫН ОРЫНДАДЫ
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігінің аумақтық департаментінің бәсекелестік саласындағы заңнамасын бұзушылық туралы мәліметтерді талдау нәтижесі бойынша «Казахойл Актобе» ЖШС және «Gas Processing Company» ЖШС әрекеттерінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілері анықталды.
Департаментпен нарық субъектілерінің сұйытылған мұнай газын сату шарттарын зерделеу кезінде ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 174 бабына сәйкес, «Казахойл Актобе» ЖШС және «Gas Processing Company» ЖШС әрекеттерінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу белгілері байқалды.
Осыған орай, Департаментпен «Казахойл Актобе» ЖШС және «Gas Processing Company» ЖШС атына 2023 жылдың 13 шілдеде монополияға қарсы заңнаманы бұзуды тоқтату туралы хабарламалар шығарылды.
Бүгінгі күні хабарламалар толық көлемде орындалды.