Ақтөбе облысында жолаушылар тасымалы қызметтерін көрсету бойынша нарық субъектісінің атына ескерту жіберілді
Мониторинг барысында Департаментпен 2023 жылғы 11 шілдеде Мәртөк ауданы Сарыжар ауылында (такси қызметі) Сарыжар ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастырған кеңесінде Жеке кәсіпкері «Биекенов Г.А.» «Сарыжар-Ақтөбе» жолаушылар тасымалы бағытында такси бағасы 400 теңгеден 500 теңгеге дейін өсетінін хабарлағаны белгілі болды.
Осыған байланысты Департамент ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 198-бабының 1-тармағын және 2-тармағын басшылыққа ала отырып, нарық субъектісінің атына Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзуға әкеп соғуы мүмкін іс-әрекеттер жасауға жол бермеу туралы алдын-ала ескерту жіберілді.