Кедергілер кеңесінің №1 Хаттамасы
26 қаңтар 2023 жыл (16:00с.) Талдықорган қ.
Төраға: Иванова С.П.- кедергілер кеңесінің төрағасы.
Хатшы: Лепесбаева А.
Қатысқандар:
|
№ |
Қатысушылар |
лауазымы |
|
1 |
Иванова Светлана Петровна |
«Когер ЛТД » ЖШС, «Ломан Жетысу» ЖШС директоры Төраға |
|
2 |
Просяйникова Светлана Владимировна |
«Корпорация «Жетысу Газ» АҚ қаржы директоры Төраға орынбасары |
|
3 |
Кальменова Маржан Тынысбековна |
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы |
|
4 |
Керимбаев Думан Жармухаметович |
ҚР «Атамекен» ҰКП Жетісу облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары |
|
5 |
Казакпаев Эдиль Юрьевич |
«Біз бірге күштіміз» Кәсіпкерлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы. |
|
6 |
Саргалдаков Жанатбек Садвакасович |
«Сардар ЛТД» ЖШС директоры |
|
7 |
Аркабаев Бакыт Ергазиевич |
«Ақ-Бұлақ» ЖШС құрылтайшысы |
|
8 |
Толмухан Айжан |
«Сеюк» ЖШС қаржы директоры. |
|
9 |
Софин А.А. |
«Софин» ЖК басшысы |
|
10 |
Звегинцева Оксана Юрьевна |
«АСПМК-519» ЖШС заң бөлімінің бас маманы |
|
11 |
Имагамбетов Арман Кудайбергенович |
«PCD Group» ЖШС коммерициялық директоры |
|
12 |
Савинов Геннадий Иванович |
«Текели ГМЗ» ЖШС директорының кеңесшісі |
Күн тәртібі:
Күн тәртібіндегі тақырып «Құрылыс саласы бойынша тендерлерге қатысу проблемалық мәселелер мен кедергілер» болды. Кездесу барысында кедергілер жөніндегі кеңестің төрағасы Иванова Светлана Петровна қатысушыларды тендерлерге қатысуға қатысты проблемалық мәселелермен таныстырды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 3. тармағына сәйкес әлеуетті өнім берушілерге бірқатар талаптар қойылады, оларға: қаржылық тұрақтылық түріндегі біліктілік талаптары, әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесі бойынша біліктілік талабына сәйкестігі және т.б.. Тендердің жеңімпазын таңдау Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес рейтингтік-баллдық жүйені пайдалана отырып жүзеге асырылады. Көп жағдайда ірі құрылыс компаниялары, мысалы, «Транс Нефть» ЖШС, БК NEFT ЖШС және т.б, орта немесе шағын бизнеске қарағанда тендерлік конкурста көп ұпай жинау ықтималдығы жоғары пайызды болып табылады.Тәжірибеде көп құрылыс тендерлерін ұтып алған кезде кәсіпорын құрылыс жұмыстарын өз бетімен жүргізбейді, қосалқы мердігерлермен келісім-шарт жасайды. Осылайша, пайданың көпшілік үлесін алады. Қосалқы мердігерлер, іс жүзінде негізгі жұмысты атқарады. Тек жұмыс болсын, жұмыс орнын сақтап қалу үшін олар мұндай өтімді емес, пайдасыз құрылыс жобаларын алуға мәжбүр.
Ұсынылған шешім бір қаржы жылына жеңіп алынған тендерлер бойынша қаржылық лимитті (10 000 000 000 он миллиард теңге) белгілеу. Алайда, жиналысқа қатысушылар бұл шешіммен келіспеді.
Өтініш берушіге ҚР «Атамекен» ҰКП Жетісу облысы Кәсіпкерлер палатасынмен бірлесе отырып өтінішті пысықтау ұсынылды.
Отырыс нәтижесінде мынадай шешім қабылданды:
Кедергілер
Кеңесінің төрағасы Иванова С.П.
Хатшы ___________ Лепесбаева А