Кедергілер кеңесінің №7 Хаттамасы

Кедергілер кеңесінің №7 Хаттамасы

27 шілде 2023 жыл (15:00с.)                                                    Талдықорган қ.

Төрашылық етуші: С.П. Иванова - кедергілер кеңесінің төрайымы.

Хатшы: А. Хасанаева

Қатысқандар:  

№

Қатысушылар

лауазымы

1

Иванова Светлана Петровна

 «Когер ЛТД » ЖШС, «Ломан Жетысу» ЖШС директоры

Төрайым

2

Просянникова Светлана Владимировна

«Корпорация «Жетысу Газ» АҚ қаржы директоры   

Төрайымның орынбасары

3

Кальменова Маржан Тынысбековна

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы

4

Керимбаев Думан Жармухаметович

ҚР «Атамекен» ҰКП Жетісу облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары

5

Казакпаев Эдиль Юрьевич

«Біз бірге күштіміз» Кәсіпкерлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

6

Саргалдаков Жанатбек Садвакасович

«Сардар ЛТД» ЖШС директоры

7

Толмухан Айжан

«Сеюк» ЖШС қаржы директоры.

8

Софин А.А.

«Софин» ЖК басшысы

9

Звегинцева Оксана Юрьевна

«АСПМК-519» ЖШС заң бөлімінің бас маманы

10

Имагамбетов Арман Кудайбергенович

«PCD Group» ЖШС коммерициялық директоры

11

Савинов Геннадий Иванович

«Текели ГМЗ» ЖШС директорының кеңесшісі

          Күн тәртібі:

Тұрғындардың және кәсіпкерлік объектілердің қатты тұрмыстық қалдықтарын (бұдан әрі - ҚТҚ) бөлек жинаудың проблемалық мәселелері. Кездесу барысында кедергілер жөніндегі кеңестің төрайымы Иванова Светлана Петровна қатысушыларды отырыстың күн тәртібімен, проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдарын сипаттаумен таныстырды.

2022 жылы ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті (бұдан әрі-Департамент) 2020 жылдан бастап 2022 жылдың 8 айына дейін ҚТҚ жинау, әкету, сұрыптау және көму нарықтарына талдау жүргізді, оның қорытындысы бойынша бұл нарықта бәсекелестік дамымаған, жоғары шоғырланған екені анықталды.

Экология Кодексінің 365-бабына сәйкес (бұдан әрі - Кодекс), аудандардың, аудандық және облыстық маңызы бар қалалардың республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - ЖАО) коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты: коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуді ұйымдастыру және олардың орындалуын қамтамасыз ету; коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды, оның ішінде қалпына келтірілгенге немесе жойылғанға дейін тасымалдау мен жинақтауды көздейтін, оларды жинаудың ұтымды және экологиялық қауіпсіз жүйесін ұйымдастыру; бөлек жинауды қоса алғанда, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинаудың, кәдеге жаратудың және қайта өңдеудің ұтымды жүйесі туралы халыққа хабар беру.

Сонымен қатар, кодекстің 321-бабына сәйкес, қалдықтарды жинау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын тұлғалар осы Кодекстің талаптарына сәйкес қалдықтарды бөлек жинауды қамтамасыз етуге міндетті.

Сонымен қатар, Экология кодекстің 367-бабының 4-тармағына сәйкес, орталықтандырылған жүйені жергілікті атқарушы орган осы Кодекстің талаптарына және коммуналдық қалдықтарды басқару қағидаларына сәйкес тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын тұрмыстық қатты қалдықтар нарығының қатысушыларын айқындау бойынша конкурс (тендер) өткізу арқылы ұйымдастырады.

Кодекс нормаларына сәйкес қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері немесе қатты тұрмыстық қалдықтарды өз бетінше әкетуді жүзеге асыратын қалдықтардың меншік иесі мұндай қалдықтарды қатты тұрмыстық қалдықтарды қалпына келтіруді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне жеткізуді қамтамасыз етеді.

Алайда, қазіргі уақытта ҚТҚ-ны бөлек жинау жүргізілмейді.

Осыған байланысты, Кодекске өзгерістер енгізу қажет, атап айтқанда коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды көздейтін ұтымды және экологиялық қауіпсіз жинау жүйесін ұйымдастыруды ЖАО-ға міндеттеу, яғни қалдықтарды бөлек жинауға арналған контейнерлер орнату қажет.

Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органға лоттар бойынша тендер өткізу, яғни, қоқысты бөлек жинау арқылы шығару.

Ұсынылған шешім:

Кодекске өзгерістер енгізу қажет, атап айтқанда коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды көздейтін ұтымды және экологиялық қауіпсіз жинау жүйесін ұйымдастыруды ЖАО-ға міндеттеу, яғни қалдықтарды бөлек жинауға арналған контейнерлер орнату қажет.

Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органға лоттар бойынша тендер өткізу, яғни, қоқысты бөлек жинау арқылы шығару.

Отырыс нәтижесінде мынадай шешім қабылданды:

  1. Проблемалық мәселелер мен кедергілер Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне қарау және Кедергілер картасына енгізу үшін жіберілсін.
  2. Департамент Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасына қатысты, құқықтық және консультативтік мәселелер бойынша көмек көрсету жалғастырады.
  3. Жиналысқа қатысушылар тауар нарығында шығатын кедергілерді анықтау және жою бойынша ұсыныстар енгізу.

 

 

 Кедергілер

 Кеңесінің төрайымы                                                                        С.П. Иванова

 

 

Хатшы ___________  А.Хасанаева

Кедергілер кеңесінің №7 Хаттамасы
Дата публикации
18 августа 2023