Агенттіктің Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өткізілді

2023 жылғы 23 маусымда онлайн режимде Агенттіктің Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өткізілді.

Отырыста келесі мәселелер қаралды:

- Агенттіктің қоғамдық кеңесінің құрамын жаңарту;

- Агенттіктің 2022 жылғы даму жоспарын іске асыру туралы есеп (оның ішінде индикаторлар бойынша, бюджеттер бойынша);

- Монополияға қарсы ден қою және тергеу рәсімдерін жетілдіру.                           

Дауыс беру қорытындысы бойынша Агенттіктің Қоғамдық кеңесінің құрамына 6 кандидатты қосу туралы шешім қабылданды. Талқылау барысында Қоғамдық кеңес мүшелеріне мемлекеттік кәсіпорындарды қысқарту, монополияға қарсы органды күшейту мәселелері бойынша ұсыныстар берілді. Кеңес мүшелері ведомствоның кадрлық әлеуетін арттыру үшін Агенттіктің бюджетін ұлғайту қажеттігін бірауыздан атап өтті. Сондай-ақ, отырыс қорытындысы бойынша кейіннен Қоғамдық кеңестің кезекті отырысына шығару үшін бірқатар өзге де ұсыныстар берілді.

Дата публикации
29 июня 2023