«Мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 15 наурыздағы № 134 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 15 наурыздағы № 134 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 15 наурыздағы № 134 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларында:

2 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы Қағидаларды қолдану мақсатында мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) баға белгілеу – мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағаларды қалыптастыру және қарау процесі;

2) бөлу базасы – шығындарды бөлу үшін пайдаланылатын сандық көрсеткіш (көрсеткіштер);

3) бөлу коэффициенті – тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер арасындағы шығындарды бөлектеп есепке алу үшін бөлу базасын қолдану нәтижесінде алынған жанама шығындардың үлесі;

4) жария тыңдаулар – мемлекеттік монополияға, арнайы құқыққа жатқызылған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің баға жобасын тұтынушылардың, монополияға қарсы органның, мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктерінің, тәуелсіз сарапшылардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерін және мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерін шақыра отырып, мемлекеттік уәкілетті орган өткізетін талқылау рәсімі;

5) қайта құрылған субъект – бір қаржы жылы ішінде нақты шығындары қалыптаспаған, құрылған сәтінен бастап күнтізбелік бір жылдан кем уақытта тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіретін және өткізетін мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектісі;

6) негізделген баға – мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектісінің негізделген шығындарының және пайдасының негізінде айқындалған баға;

7) өзіндік құн – мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектісі өндіретін және өткізетін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағасында уәкілетті орган ескеретін шығындар жиынтығы;

8) тауарға, жұмысқа, көрсетілетін қызметке тікелей шығындар – белгілі бір тауарға, жұмысқа, көрсетілетін қызметке тікелей және бір мәнді жатқызылған шығындар;

9) тауарға, жұмысқа, көрсетілетін қызметке жанама шығындар – белгілі бір тауарға, жұмысқа, көрсетілетін қызметке тікелей және бір мәнді жатқызылмайтын, бірақ шығындардың туындау себептерін көрсететін бөлу базалары негізінде тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бөлінуі мүмкін шығындар;

10) технологиялық байланысты қызмет түрлері – технологиялық байланысты қызмет түрлері-мемлекеттік монополия, арнайы құқық саласына жататын қызметпен ажырамас технологиялық циклдің бөлігі болып табылатын және (немесе) мемлекеттік монополия, арнайы құқық саласына жатқызылған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіру процесінде өндірілетін қызмет түрлері;

11) уәкілетті мемлекеттік орган – мемлекеттік монополияның, арнайы құқықтың тиісті саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган және (немесе) оның ведомствосы.

Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.»;

5-тармақтың 8) тармақшасы алып тасталсын;

6-тармақтың 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«19) өндірістік қажеттілікке байланысты іс-шараларды қоспағанда, оқытатын курстарды, семинарларды, тренингтерді, лекцияларды, көрмелерді, пікірталастарды, ғылым мен өнер қайраткерлерімен кездесулерді, ғылыми-техникалық конференцияларды өткізуге және ұйымдастыруға, сондай-ақ көрсетілген іс-шараларға қатысуға арналған;»;

мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

«Монополияға қарсы орган хабарламаны және (немесе) ақпаратты алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылған материалдар мен ақпараттың толықтығын тексереді және хабарламаны және (немесе) ақпаратты қарауға қабылдау туралы немесе бас тарту себептерін көрсете отырып, қабылдаудан бас тарту туралы мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектісін жазбаша түрде хабардар етеді.»;

мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:

«13-1. Мемлекеттік монополия, арнайы құқық саласына жатқызылған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағаларын монополияға қарсы органмен келісім бойынша уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.».

  1. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Экономикалық шоғырлану және мемлекеттік кәсіпорындарды бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Агенттік төрағасының орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

Қағидалар сілтемесі: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14614439 

Дата публикации
22 июня 2023