Таксопарк ақпарат ұсынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Қазақстан Республикасының  Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) жергілікті такси тасымалдаушыларының "Inservice" ЖШС ("INDRIVER" қосымшасы) такси қызметтері нарығындағы бәсекелестік жағдайына талдау жүргізді.

Талдау жүргізу барысында Департаментпен нарық субъектілерінен мәліметтер сұратылды.

Алайда, "Таксопарк Каспий" ЖШС (бұдан әрі – ЖШС) ("Inservice" ЖШС агрегаторының серіктесі) монополияға қарсы органға сұратылған ақпаратты  беруден бас тартты.

Бұл әрекеті үшін, Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен аталған ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 100 АЕК (345 000 теңге) мөлшерінде айыппұл  салынды.

Естеріңізге сала кетейік, нарықтағы бәсекелестіктің жай-күйін  талдау - бәсекелестік деңгейін айқындау, бәсекелестікті қорғауға және дамытуға, монополистік қызметтің алдын алуға, шектеуге және жолын кесуге бағытталған шаралар кешенін әзірлеу мақсатында жүргізіледі.

Дата публикации
16 июня 2023