Ақтау қаласының азық түлік тауарлары нарығының субъектісі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің хабарлама шығарды

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті (бұдан әрі- Департамент) жеке кәсіпкердің өтініші негізінде Ақтау қаласының аумағында азық-түлік тауарларын өткізуді жүзеге асыратын сауда нарықтарының  қызметіндегі бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізді.

Талдау барысында "Мағаш" ӨФ ЖШС-мен (бұдан әрі — ЖШС) сауда орындарын жалға алушыдан басқа тұлғаға қайта ресімдеу  ережесі  бекітілгені, сондай-ақ  басым құқығы бар (белгілі бір соманы төлеген жағдайда)  сауда  орындарын  жалға  алу шарттары айқындалғаны анықталды.

Бұл жағдай жалға алушыларға қосымша міндеттемелер қою арқылы нарықта сатылатын азық-түлік құнының өсуіне, ол өз кезегінде түпкілікті тұтынушының тауарды жоғары бағамен сатып алуына әкеліп соғады.

Осылайша, ЖШС тиісті тауар нарығындағы нарықтық билік пен бақылауды,  оның  ішінде тауар  айналымының жалпы айналымына елеулі ықпал ету мүмкіндігін  пайдалана отырып, әлеуетті жалға алушы кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтірген.

 Департаментпен, аталған ЖШС атына қосымша міндеттемелер қою және нарыққа шығуға кедергілер  жасау арқылы үстем жағдайды теріс пайдалану практикасын тоқтату туралы хабарлама жіберді.

Хабарлама ЖШС тарапынан орындалды.

Дата публикации
16 июня 2023