Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Агенттік) Маңғыстау облысының аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне кіретін тауық етін (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік) өндіру және көтерме саудада өткізу нарығына талдау жүргізді.
Талдау барысында «Ақтау Агро» ЖШС (бұдан әрі - Серіктестік) тауық етін әртүрлі бағамен сататындығы мәлім болды.
Осылайша, серіктестіктің іс-әрекеттерінде нарық субъектілерімен немесе тұтынушылармен жасалған мәні бірдей келісімдерге объективті түрде ақтамайтын себептермен әртүрлі бағаларды не әртүрлі шарттарды қолданатындығы анықталды.
Анықталған бәсекелестік заңнаманы бұзушылық белгілерінің негізінде, монополияға қарсы департаментпен Серіктестік атына оларды жою туралы хабарлама енгізілді.
Бүгінгі күні хабарлама орындалды.