AMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасын іске асыру МОНИТОРИНГІ

 

  Қосымша

 

AMANAT партиясының

сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасын іске асыру

МОНИТОРИНГІ

 

№

Іс-шаралар атауы

Жылдар бойынша орындалу мерзімі

Жауапты

мемлекеттік орган

Орындалу жағдайы.

Ағымдағы жағдай

Ескертпе

2021 жыл

2022 жыл

2023 жыл

2024 жыл

2025 жыл

3.2. Күшті кәсіпкерлер

198.

Бизнес үшін кедергілерді жою және бәсекелестікті дамыту

10

кедергі

10

кедергі

10

кедергі

10

кедергі

10

кедергі

БҚДА

(келісім бойынша)

мүдделі орталық мемлекеттік органдар, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері

Жойылған кедергілер:

Кәбілдік кәрізге тең қолжетімдік алумен байланысты бәсекелестікті дамыту үшін кедергі.

Бұрын Агенттікке инфрақұрылымға тең қолжетімділікті қамтамасыз етпейтін кібілдік кәрізді пайдалану тәртібін қайта қарау туралы нарық субъектілерінің ұсыныстары келіп түскен болатын. Кәбілдік кәріз иелері тарапынан инфрақұрылымға қол жеткізуден бас тартуға, субъектілердің өтінімдерін қарауды негізсіз кешіктіруге шағымдар болды.

Осыған байланысты, 2022 жылы құрамына уәкілетті органның, қауымдастықтардың және байланыс операторларының өкілдері кіретін Агенттік жанындағы Телекоммуникациялар саласындағы бәсекелестікті дамыту мәселелері жөніндегі кеңес бірлесіп уәкілетті органның жоғарыда аталған бұйрықтарына түзетулер енгізу үшін жекелеген ұсыныстар әзірледі.

Өзгерістер кәбілдік кәрізге кіруден бас тартылған жағдайда өтініш берушілердің шағымдарымен жұмыс істеудің жаңа тәртібін болжайды. Мұндай жағдайда өтініш беруші шағымды Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне жіберуге құқылы.

Сондай-ақ түзетулер кәбілдік кәрізді пайдалану кезінде жалға беруші мен жалға алушының өзара іс-қимылын регламенттеуге, шарттар жасасу, учаске беру актісіне қол қою мерзімдерін, сондай-ақ кәбілдік кәрізде құрылыс-монтаждау жұмыстарын қабылдау мерзімдерін белгілеуге бағытталған.

Осылайша, нақты мерзімдерді белгілеу кәбілдік кәрізді пайдалану процесін ретке келтіруге, сондай-ақ жалға беруші тарапынан құжаттарды беруді және келісуді негізсіз кешіктіру үлесін қысқартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметті жүзеге асыру қағидалары осы қызметтерді бір мезгілде тұтынушы болып табылатын табиғи монополиялар субъектісінің пайдалануын қамтамасыз ететін нормамен толықтырылды, нақты пайдалану басталған сәттен бастап он екі ай ішінде кәбілдік кәріздің барлық көлемінің 75%-ынан аспайды.

Бұл норма осы қызметтерді бір мезгілде тұтынушы болып табылатын кәбілдік кәріз иелері тарапынан кәбілдік кәрізге олардың иесінің өзі толық брондау себептері бойынша қол жеткізуден бас тартуды болдырмауға мүмкіндік береді.

Жалпы, жоғарыда аталған шараларды іске асыру байланыс провайдерлеріне кәбілдік кәрізге кедергісіз қол жеткізуді ұйымдастыруға бағытталған, бұл түпкілікті тұтынушыларға интернет қызметтерін баламалы жеткізушілерді таңдауға, көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді, сондай-ақ қызметтер спектрін кеңейтуге және экономика салаларын цифрландыруға жәрдемдесетін болады.

Шешім. 2023 жылғы 24 қаңтарда ҚР Әділет министрлігі «Кәбілдік кәрізді пайдалануға беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 120, «Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы», Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 29 шілдедегі № 180/НҚ бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 120 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ЦДИАӨМ бұйрығын тіркеді.

 

 

 

Дата публикации
12 июня 2023