"Варшакидзе" ЖК әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) жанар-жағармай материалдарын, сондай-ақ дизель отынын көтерме және бөлшек саудада өткізу нарығында 2022 жылғы қыркүйек-желтоқсан және 2023 жылғы қаңтар-12 сәуір аралығында талдау жүргізуде.

Талдау барысында Департамент жанар-жағар май, сондай-ақ дизель отынын көтерме және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын нарық субъектілеріне, оның ішінде «Варшакидзе» ЖК-не (бұдан әрі – жеке кәсіпкер) тиісті сұраухаттар жолдаған еді.

Алайда, ЖК ақпаратты мерзімінде ұсынбады. Аталған факті бойынша Департамент осы субъектіге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 162-бабы бойынша, атап айтқанда, монополияға қарсы органға белгіленген мерзімде ақпарат бермеу бойынша және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

ЖК 100 АЕК (345 000 теңге) мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Нарық субъектісі айыппұлды қысқартылған өндіріс тәртібімен 50% мөлшерінде - 172 500 теңгені өз еркімен төледі.

 

Дата публикации
09 июня 2023