2022 жылы монополияға қарсы орган барлығы 508 хабарлама шығарды, оның ішінде:
- мемлекеттiк, жергiлiктi атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектiлерiнiң қызметiн реттеу функцияларын берген ұйымдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттерi (әрекетсiздiгi), келiсiмдерi бойынша – 136 хабарлама;
- нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттері бойынша – 97 хабарлама;
- үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану белгілері бойынша (Кәсіпкерлік кодекстің 174-бабының 1) тармақшасында көрсетілген негіздерді қоспағанда) – 196 хабарлама;
- жосықсыз бәсекелестік белгілері бойынша – 74 хабарлама;
- бәсекеге қарсы сатылас келісімдер белгілері бойынша (Кәсіпкерлік кодекстің 169-бабының 2-тармағында көзделген) – 5 хабарлама.
Бұзушылық белгілерінің басым бөлігі еліміздің қалалық және аудандық емханаларының зертханалық қызметтер нарығындағы бәсекелестікті шектеу бойынша әрекеттерінде және тұтынушылардың құқықтарын бұзу бөлігінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әрекеттерінде анықталды.
Шығарылған 508 хабарламаның 430-ы немесе 84,6%-ы орындалды.