2023 жылғы 30 мамырда ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Кедергілер жөніндегі кеңестің отырысын өткізді.
Отырыс барысында көгалдандыру бойынша Мемлекеттік сатып алуларда конкурстық құжаттаманы қалыптастыру кезінде туындайтын өзекті проблемалық мәселелер талқыланды.
Кедергілер жөніндегі кеңес төрағасы Г.С. Мерисовтың айтуынша, көгалдандырумен айналысатын кәсіпкерлер көгалдандыруға байланысты лоттардың іріленгеніне шағымданған. Сол себепті конкурстық құжаттамада көгалдандыруға қатысы жоқ қызметтер көрсетіле бастаған. Тиісінше, аталмыш саладағы кәсіпкерлер мемлекеттік сатып алуға қатыса алмайды. Өйткені қызметтер тізбесі шағын сәулет нысандарын қоса алғанда, аумақтарды орналастыру бөлігіндегі қызметтерді, сондай-ақ құрылыс, гүлдер мен ағаштарды күту және отырғызу, ботаникалық бақтарды жайластыру жөніндегі қызметтерді қамтиды. Бұл лоттарды қалыптастыруда бірыңғай тәсілдің болмауын туындайды, себебі әр аудан дербес және өз қалауы бойынша сатып алу лоттарын қалыптастырады. Осылайша, бұл нарықта бәсекелестіктің болмауына әкеліп соғады.
Отырыс қорытындысы бойынша Департамент мемлекеттік сатып алу кезінде лоттарды ірілендіруге жол бермеу және конкурстық құжаттаманы толтыру кезінде бірыңғай техникалық ерекшелікті әзірлеу жөнінде Алматы облысының әкімдігіне хат жолдау туралы шешім қабылдады.
Тауар нарықтарында бар және бәсекелестікті шектейтін неғұрлым өзекті және өткір проблемаларды бірлесіп қарау және шешу мақсатында Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 78 мекенжайы бойынша немесе +7 (7282) 24-28-24 телефоны бойынша хабарласуыңызды сұраймыз. Егер сізде талқылау тақырыптары бойынша ұсыныстарыңыз болса, оларды электронды мекен-жайға жіберуді сұраймыз: dazrk_alm@azrk.gov.kz