Шығыс Қазақстан облысының бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті жанындағы Кедергілер жөніндегі кеңестің отырысында Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру ережелеріне (бұдан әрі – Ережелер) сай гранттарды бөлу және олардың мониторингі мәселесі қаралды.
Мемлекеттік грант қаражатын алған бірқатар кәсіпкерлерде грант қаражатының нысаналы пайдаланылуына мониторинг жүргізу кезінде проблемалар туындады.
ШҚО бизнес субъектілері конкурстық комиссияның грантты нысаналы пайдаланылуы мониторингінің нәтижелері бойынша анықталған ескертулерді жою үшін қосымша мерзім беру жөнінде, сондай-ақ, мемлекеттік грант беру туралы шартты бұзу туралы шешім қабылдауға құқығы жоқ деп санайды. Себебі, Ережеге сәйкес, конкурстық комиссияның өкілеттігі мемлекеттік грант алуға үміткер кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін іріктеу бойынша шешім қабылдаумен ғана шектеледі.
Осылайша, конкурстық комиссия ұғымы мен оның өкілеттіктері арасындағы қайшылықтар кәсіпкерлік субъектілері үшін әкімшілік кедергілер туғызады және соның салдарынан мемлекеттік гранттар алу кезінде кәсіпкерлердің құқықтарын шектейді.
Сондай-ақ, отырыс барысында Кеңес қатысушыларымен Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне өзгерістер енгізу мәселесі қарастырылды.
Отырыс қорытындысы бойынша Департаментпен Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және Ережелерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар жоғары тұрған орган – Агенттікке – жолданатын болады.