Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті "РЦКУ-Қостанай" ЖШС-нің тарапынан бәсекелестікке жатпайтын артықшылық алу туралы мәселеге қатысты келіп түскен өтінішті қарау шеңберінде, "РЦКУ-Қостанай" ЖШС-нің іс-әрекеттерінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабында көзделген Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу, биллингтік қызметтер көрсету кезінде адамдардың белгісіз тобының заңды құқықтарына қысым жасау түріндегі үстем жағдайды теріс пайдалану белгілері байқалды.
"РЦКУ-Қостанай" ЖШС-нің түбіртектерінде олар көрсететін қызметтерге ақы төлемеген кезде газбен жабдықтау қызметтерінен ажырату бөлігінде тұтынушыларды адастыруы мүмкін мәтіні орналастырылды.
Осыған байланысты Департамент "РЦКУ-Қостанай" ЖШС-не қатысты іс-әрекетте (әрекетсіздікте) бәсекелестікті қорғау саласындағы ҚР заңнамасын бұзу белгілерінің болуы және анықталған бұзушылық белгілерін жою қажеттілігі туралы хабарлама шығарды.
Қазіргі уақытта хабарлама түбіртектердегі мәтінді өзгерту арқылы толық көлемде орындалды.