ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ СУПЕРМАРКЕТТЕР ЖЕЛІСІНДЕ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫ ЖОЙЫЛДЫ

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті 2021 жылғы және 2022 жылғы 9 айдағы Қостанай қаласы бойынша желілік азық-түлік ритейлінің қызметтер нарығына талдау жүргізді.

Жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша «Супермаркет «Солнечный» ЖШС-нің іс-әрекеттерінде монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілері, нарық субъектілерімен немесе тұтынушылармен тауарды ілгерілету бойынша талдамалық қызметтер мен қызметтер көрсету кезінде объективті негізделмеген себептерсіз баламалы келісімдерге әртүрлі бағаларды не әртүрлі шарттарды қолдану белгіленді.

Осыған байланысты, Департамент «Супермаркет «Солнечный» ЖШС-не қатысты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) болуы және бұзушылықтың анықталған белгілерін жою қажеттілігі туралы хабарлама шығарды.

Қазіргі уақытта хабарлама толық көлемде орындалды.

 

Дата публикации
25 мая 2023