ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ «КЭЦ » ЖШС МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ЗАҢНАМАНЫҢ БҰЗЫЛУЫН ЖОЙДЫ

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті Қарабалық ауданы прокуратурасының ұсынысы негізінде "КЭЦ" ЖШС-не қатысты үстем жағдайды теріс пайдалану туралы хабарлама енгізді, ол Қарабалық ауданының бизнес субъектілерімен үлгілік шарттарға сәйкес шарттар келтірілмеуінен көрінеді.

Хабарламаны енгізу сәтінде қолданыстағы шарттарда тармақтар болмаған:

- "тұтынушы сатушыға күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын хабарланған және тұтынылған электр энергиясы үшін толық төленген жағдайда шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқылы";

- "сатушыдан тұтынылған электр энергиясының көлемі бойынша есептеулерді егжей-тегжейлі ашып көрсететін төлем құжатын талап ету";

- "қызмет көрсететін энергиямен жабдықтаушы ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жаңа энергиямен жабдықтаушы ұйымға ауыстырылсын".

Осылайша кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары бұзылды.

Хабарламаны орындау қорытындысы бойынша "КЭЦ" ЖШС-де барлық шарттарға тексеру жүргізілді, қажет болған жағдайда бизнес субъектілерімен шарттар қайта жасалды, ескі редакциядағы шарттар айналымнан алынды. Осылайша, "КЭЦ" ЖШС-нің тұтынушылары болып табылатын Қарабалық ауданы кәсіпкерлерінің құқықтарын қалпына келтіруге қол жеткізілді.

Қазіргі уақытта хабарлама толық көлемде орындалды.

Дата публикации
25 мая 2023