НЕГІЗГІ ҚУАТҚА ТЕҢ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ҚАҒИДАЛАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗІЛДІ
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Кәсіпкерлік кодекстің 176-1-бабына сәйкес Агенттік Төрағасының 2022 жылғы 13 маусымдағы № 15 бұйрығымен Негізгі қуатқа тең қол жеткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілді.
Айта кету керек, қолданыстағы редакциядағы ережелер нарықтың салалық ерекшелігі мен электр энергиясының ерекшеліктерін қамтымайды.
Осыған байланысты, Агенттік Төрағасының 2023 жылғы 4 мамырдағы № 4 бұйрығымен электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын өткізудің ашық тетігі ескерілетін электр энергиясын орталықтандырылмаған сатып алу - сату нарығында негізгі қуатқа тең қол жеткізудің ерекше тәртібін (өтінімдерді қанағаттандыру, басымдық тәртібімен жоспарланған кезеңге электр энергиясының көлемін бөлу процесі, өтінімдерден бас тарту негіздері және басқалар) көздеу бөлігінде қолданыстағы қағидаларға толықтырулар енгізілді.
Сондай-ақ, осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетінін атап өткен жөн.
Тиісті бұйрықпен https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/documents/details/470986?lang=kk интернет-ресурста танысуға болады.