БҚДА ДЕПАРТАМЕНТІ ІРІ НАРЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРІНЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

БҚДА ДЕПАРТАМЕНТІ ІРІ НАРЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРІНЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

Маңғыстау облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті (бұдан әрі - Департамент) нарықтың ірі субъектілерімен («Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «МАЭК» ЖШС, «Бозашы Мұнай» ЖШС, «ТеңізСервис» ЖШС, компанияның Қазақстандық филиалы, «Нельсон Петролеум Бузачи Б. В.» ) монополияға қарсы комплаенс бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кеңеске қатысушыларға БҚДАД қызметкерлері тиісті тауар нарығында нарық субъектісінің (субъектілерінің) адал бәсекелестігінің саясаты мен ережелерін көздейтін монополияға қарсы комплаенстың сыртқы актісі туралы түсіндірді.

Сондай-ақ, нарықтың ірі субъектілерінің өкілдері Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы бойынша кеңестің баяндамашысынан сұрақтар қойды. Оларға тиісті жауаптар берілді.

Алдағы уақытта Департамент монополияға қарсы комплаенс бойынша іс-шараларды жалғастырады.

Анықтама:

Монополияға қарсы комплаенстің сыртқы актісі нарықтың нақты субъектісіне (нарықтың нақты субъектілеріне) қатысты немесе нақты жағдайға қатысты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын түсіндіру актісі.

Дата публикации
18 мая 2023