Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті білім беру саласындағы 120 коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынға және 2 мемлекеттік заңды тұлғаны жүзеге асыратын қызмет түрлерін құру, кеңейту және (немесе) өзгерту кезінде, сондай-ақ тек қана қызмет түрлерін жүзеге асыру тұрғысынан монополияға қарсы органның келісімін алуына мониторинг жүргізді.
Нәтижесінде монополияға қарсы органның келісімінсіз мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар жүзеге асыратын қызмет түрлерін өзгерту/кеңейту фактілері анықталды.
Осыған байланысты, ҚР КК 192-бабының 8-тармағына сәйкес, Департаментн «ШҚО білім басқармасы», «ШҚО әкімі аппараты», «ШҚО кәсіпкерлік және инновациялық даму басқармасы» атына Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тоқтату және олардың салдарын жою туралы 3 ұйғарым шығарылды.
Бүгінгі күні барлық нұсқамалар орындалды.