Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті «Хантер АГЗС» ЖШС, «StarOil» ЖШС және «ГазOil» Газ шаруашылығы басқармасы» ЖШС іс-әрекеттерінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу фактісі, нақты айтсақ, 2021 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында Қарағанды қаласының аумағында автогаз бағасын белгілеу және ұстап тұру бойынша бәсекелестікке қарсы келісілген іс-қимылдар бөлігінде бұзушылықтарды анықталды.
Қарағанды облысы Теміртау қаласының Мамандандырылған әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі сотының биыл 30 наурыздағы қаулысымен «ГАЗOIL» Газ шаруашылығы басқармасы» ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 2 459 643 (екі миллион төрт жүз елу тоғыз мың алты жүз қырық үш) теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды, сондай-ақ 2 281 641 (екі миллион екі жүз сексен бір мың алты жүз қырық бір) теңге мөлшерінде монополиялық табысы тәркіленді.
Ағымдағы жылдың 20 сәуірінде «ГАЗOIL» Газ шаруашылығы басқармасы» ЖШС әкімшілік айыппұл және монополиялық кіріс бойынша толық көлемде айыппұл өтеді.
Ал нарықтың басқа екі субъектісіне қатысты сот процестері жалғасуда.