БҰЙЫРАМЫН:
- «Мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің мемлекеттік тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2022 жылғы 11 қазандағы № 273/НҚ бұйрығына төмендегідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің мемлекеттік тізілімінде:
2-бөлімнің реттік нөмірі 11-жол алынып тасталсын.
- Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің
(бұдан әрі – Агенттік) Экономикалық шоғырлану және мемлекеттік кәсіпорындарды бақылау департаменті осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің мемлекеттік тізілімін Агенттіктің интернет – ресурсында жаңартуды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Агенттік төрағасының орынбасарына жүктелсін
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға М. Омаров