АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРІ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАННЫҢ ХАБАРЛАМАЛАРЫН ОРЫНДАДЫ

          Мемлекеттік сатып алу порталында мониторинг жүргізу барысында ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті сұйытылған мұнай газын сатудың бөлшек бағасынан асыра сатып алуға ұмтылған Ақтөбе облысының мемлекеттік органдарынан бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнама бұзушылықтарын анықтады.

         Нормативтік-құқықтық актімен Ақтөбе қаласында сұйытылған мұнай газына -литріне 50 теңге, шалғай аудандарда литріне 200 км – ден астам-55 теңге шекті баға белгіленген.

         Алайда, сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада сатып алуды жүзеге асыратын 8 мемлекеттік органға мемлекеттік сатып алу конкурсын ұйымдастыру кезінде шекті бағадан жоғары сатып алуға ұмтылғаны анықталды.

        Мемлекеттік органға қатысты бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар шығарылды.

        Бүгінгі таңда хабарламалар толық көлемде орындалды.

        Аталған бұзушылық қайта орын алған жағдайда, мемлекеттік органдарға қатысты тергеп-тексеру тағайындалатын болады.

 

Дата публикации
03 мая 2023