АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ХАБАРЛАМАСЫ ОРЫНДАЛДЫ
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша Департаменті (бұдан әрі – Департамент) Ақтөбе қаласының географиялық шекараларында су құбыры желілерінде ысырмалардың ашылуы мен жабылуын қамтамасыз ету нарығында талдау жүргізілді.
Талдау жүргізу барысында осы нарықта қызметті нарықтың бір ғана субъектісі – «Aqtobe su-energy group» Акционерлік қоғамы жүзеге асыратыны анықталды.
Талдау жүргізу аясында «Aqtobe su-energy group» АҚ-ның іс-әрекеттерінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілері анықталды.
Осыған байланысты, Департаментпен «Aqtobe su-energy group» АҚ атына монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтарды тоқтату туралы хабарлама шығарылды.
Бүгінгі күні хабарлама толық көлемде орындалды.