№ 68/НҚ от 24.03.2023
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының
2023 жылғы « » наурыздағы
№ бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының
2020 жылғы «11» желтоқсандағы
№ 38-НҚ бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Басқармасы туралы
ЕРЕЖЕ
- Жалпы ережелер
- Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 428 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі туралы ереженің 22-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) жұмыс тәртібін айқындайды.
- Басқарма Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдерді қарайтын және қабылдайтын тұрақты жұмыс істейтін алқалы басқару органы болып табылады.
- Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, осы Ережені, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
- Басқарма құрамы мен құру тәртібі
- Басқарма құрамы Агенттіктің төрағасымен бекітіледі. Басқарма құрамына Төраға, Басқарма мүшелері және Басқарма хатшысы кіреді.
- Агенттіктің төрағасы, төраға орынбасарлары және Агенттіктің Аппарат басшысы басқарма мүшесі болып табылады.
- Басқарма кемінде бес адамнан құрылады.
- Басқарма мүшесі денсаулығына немесе қызметтен босатылуына байланысты оның жұмыстарына қатыса алмағанда, оның құрамынан шығарылады.
- Басқарма өкілеттігі
- Басқарманың өкілеттіктері:
- Агенттіктің орталық аппараты жүргізген, сондай-ақ Агенттік төрағасы қарауға ұсынған Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындылардың жобасын қарау;
- оларды келісу тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізуді талап ететін экономикалық шоғырлануға келісім беру немесе тыйым салу туралы, сондай-ақ бұрын қабылданған шешімді қайта қарау немесе оның күшін жою туралы өтініш хатты қарау нәтижелері бойынша қорытындылардың жобасын қарау;
- нарық субъектісін мәжбүрлеп бөлу немесе оның құрылымдық бөлімшелерінің базасында оның құрамынан бір немесе бірнеше заңды тұлғаларды бөлу туралы талап арыз жобасын қарау;
- Агенттіктің орталық аппараты Агенттіктің жұмыс жоспарына сәйкес жүргізген тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау жүргізу нәтижелері бойынша қорытындылардың жобасын қарау;
- мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен үлестес тұлғалардың қызметіне жүзеге асырылатын қызмет түрлерін құруға қорытындының жобасын қарау;
- монополияға қарсы органның нұсқамаларының жобасын қарау немесе нұсқамаларын қайта қарау;
- арнайы құқық субъектілерінің реестрі тізіліміне енгізу немесе шығарып тастау мәселесін қарау;
- жекелеген тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі және монополистік қызметті шектеу бойынша қабылданатын шаралар туралы жыл сайынғы жылдық есепті мақұлдау;
- Агенттік әзірлейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісу;
- Агенттіктің даму жоспарларының, жұмыс жоспарларының жобаларын, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтыруларды келісу;
- республикалық бюджеттен қаржыландырылатын зерттеулердің және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулердің тізбесін келісу және олардың нәтижелерін келісу;
- Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша шаралар жоспарын келісу;
- «кедергілер картасын» өзектілендіру мәселелерін келісу;
- Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған Агенттіктің Аппарат басшысының құзыретіне кіретін мәселелерден өзге Басқарма мүшелері бастамашылық жасаған, Агенттіктің құзыретіне кіретін өзге де мәселелер.
- Басқарма отырысын дайындау
- Басқарма жұмысының негізгі нысаны Басқарманың отырыстары болып табылады, онда Басқарманың шешімдері қабылданады. Басқарма отырыстары қажеттілігіне қарай, оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі болған кезде айына кемінде бір рет өткізіледі.
- Басқарма отырысы сәрсенбі күндері өткізіледі. Осы ереженің 25-тармағында көрсетілген жағдайларда Басқарма төрағасы өзге уақыт белгілей алады.
- Жедел және маңызды мәселерді талқылау үшін Басқарманың кезектен тыс отырысы Басқарма төрағасының немесе осы Ереженің 9-тармағында айқындалған Басқарма мүшелерінің кемінде үштен екісінің шешіміне қарай өткізіледі.
- Басқарма жұмысы тәртіппен ұйымдастырылатын және жүргізілетін мынадай нысандарда жүзеге асырылады:
1) жеке дауыс беруді жүзеге асыру жолымен шешімдер қабылдай отырып, офлайн не онлайн отырыстар өткізу;
2) сауалнама жолымен шешімдер қабылдау (сырттай дауыс беру).
- Басқарма отырысын өткізу нысанын айқындау бойынша шешімді Басқарма төрағасы қабылдайды.
- Басқарма отырыстары Агенттік қызметінің аса маңызды, түйінді, стратегиялық мәселелері бойынша мәселелерді қарау және шешімдер қабылдау кезінде неғұрлым тиімді, орынды шара ретінде жүзбе-жүз дауыс беруді жүзеге асыру жолымен шешімдер қабылдай отырып өткізіледі.
- Агенттіктің тиісті құрылымдық бөлімшелері Басқарманың отырысы өтетін күнге дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей Басқарма хатшысына кезекті отырыстың күн тәртібіне ұсыныстар енгізеді.
- Агенттіктің тиісті құрылымдық бөлімшелері осы Ереженің 18-тармағында көрсетілген мерзімнен кешіктірмей Басқарма хатшысына Басқарма отырысына шақырылған тұлғалардың тізімін айқындау немесе нақтылау бойынша ұсыныстар енгізеді.
- Басқарма отырысында мынандай шақырылған тұлғалар қатыса алады:
1) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың өкілдері және Басқарма төрағасы шақырған өзге тұлғалар;
2) нақты сұрақ бойынша- Агенттіктің қызметкерлері және құрылымдық және территориялық бөлімшелердің басшылары.
- Басқарма хатшысы отырысқа қатысушылардың тізімін Басқарма отырысына дейін 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей әзірлеп Басқарма төрағасына ұсынады.
- Басқарма хатшысы Басқарма отырысына шақырылған тұлғалардың қатысуын қамтамасыз етеді.
- Ереженің 27-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ондай жағдайлар бойынша Басқарма төрағасы материалдарды қараудың өзге уақытын белгілейді, тиісті құрылымдық бөлімшенің басшысымен Басқарманың отырысы өтетін күнге дейін күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірмей қол қойған ілеспе хатпен бірге электрондық құжат айналымының ақпараттық жүйесі арқылы Басқарма отырысының қарауына дайындалған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі материалдарды бірмезгілде қағаз тасымалдағышта және электрондық түрде Басқарма хатшысына ұсынады.
- Басқарманың күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша материалдар тиісті бағыттар бойынша Агенттіктің жауапты құрылымдық бөлімшелері (территориялық) дайындайды.
- Басқарманың отырысында қарауға арналған материалдар мынадай талаптарға сәйкес келуге тиіс:
сол жақ шет сызығы – 2,5 сантиметр, оң жақ шет сызығы – 1,5 сантиметр, колонтитулдар – 2,5 сантиметр;
қаріп – № 14 мөлшеріндегі «Times New Roman» (қосымшаларда кішірек, бірақ кемінде № 10 қаріп қолданылуы мүмкін);
жоларалық интервал – біреу;
абзацтық азат жол (бірінші жолдың азат жолы) – 1,25 сантиметр.
хаттаманың мәтіні бірыңғай қаріпте терілуі тиіс, ондай жеке сөздердің және сөз тіркестерінің белгілеуіне жол берілмейді.
- Басқарма хатшысы әзірлеуші бөлімшеден Басқарманың отырысына материалдар түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оларды тексеруді (толық, ресімдеу талаптарына сәйкес болуын, қағаз және электрондық тасымалдағыштардағы мәтіндердің бірдей болуын), Төрағаға келісуге беру және кейіннен Басқарма мүшелеріне жіберу үшін форматтауды жүзеге асырады.
- Тиісті құрылымдық бөлімшелердің Басқарма отырысының күн тәртібіне енгізілген ұсыныстарының, сондай-ақ жоспардан тыс мәселелердің негізінде Басқарма хатшысы Басқарма отырысының күн тәртібін әзірлейді.
- Дереу қарауды және барынша жедел шешімдер қабылдауды қажет ететін мәселелер, сондай-ақ өзге де мәселелер Басқарманың сырттай отырысына енгізіледі.
- Басқарма хатшысы Басқарманың отырысына ұсынылатын материалдарды тексергеннен кейін Басқарма отырысының күн тәртібімен қоса Басқарма Төрағасына келісу үшін береді.
- Басқарманың тікелей немесе сырттай отырыстарында қарау үшін мәселелерді енгізу туралы түпкілікті шешімді Басқарманың Төрағасы қабылдайды.
- Тиісті құрылымдық бөлімшелер материалдарды Басқарманың отырысына уақытылы ұсынбаған жағдайда уәкілетті бөлімшенің басшысы бұл туралы Басқарманың Төрағасына баяндайды.
- Тиісті құрылымдық бөлімшелердің материалдарды Басқарманың отырысына уақытылы ұсынбауы Басқарма Төрағасының Басқарма отырысының күн тәртібінен мәселені алып тастауына негіз бола алады.
- Басқарма отырысына дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні қалғанда Басқарма хатшысы Басқарма отырысын өткізу туралы жазбаша хабарламаны өткізілу күнін, өткізу уақытын көрсете отырып және отырыстың күн тәртібін, сондай-ақ алдын ала қарауға арналған материалдарды қоса бере отырып Агенттіктің лауазымды тұлғалары болып табылмайтын Басқарма мүшелеріне және Басқарма отырысына шақырылған адамдарға электронды түрде жібереді.
- Басқарманың отырысына шақырылған адамдарға олардың пікірі талап етілетін мәселелер бойынша ғана материалдар жіберіледі.
- Басқарма отырысын өткізу туралы жазбаша хабарламамен және Басқарма отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша материалдармен бір мезгілде Басқарманың сырттағы мүшелеріне, Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ресімделген әр мәселе бойынша Басқарманың тікелей отырысында дауыс беру бюллетеньдерін (бұдан әрі - бюллетень) толтыру үшін жіберіледі.
- Шұғыл мәселелер бойынша материалдар отырысты өткізу күнін қоса алғанда отырысқа дейін кез келген күні Басқарманың қарауына ұсынылуы мүмкін.
- Басқарма мүшелері күн тәртібінің материалдарында Қазақстан Республикасының заңнамасында жариялағаны үшін жауапкершілік көзделген таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратқа жатқызылған мәліметтердің болуы туралы хабардар етіледі.
- Басқарма отырысының келісілген күн тәртібіне өзгерістерді Басқарма Төрағасының шешімі бойынша Басқарма хатшысы енгізеді.
- Басқарма отырысын техникалық жарақтандыруды әзірлеуші бөлімше және ақпараттық технологиялар бөлімшесі қамтамасыз етеді.
- Басқарма отырысында бейне ақпараттарды, слайдтарды көрсету қажет болған жағдайда мұндай материалдарды көрсету туралы мәселені тиісті құрылымдық бөлімше алдын ала ақпараттық технологиялар бөлімшесімен және Басқарма хатшысымен келісуі тиіс.
- Тиісті құрылымдық бөлімше ақпараттық технологиялар бөлімшесіне Басқарманың отырысында бейне ақпаратты, слайдтарды көрсету үшін техникалық жарақтандыруға қажеттілік туралы хатты Басқарманың отырысын өткізу белгіленген күнге дейін 2 (екі) жұмыс күні бұрын жібереді.
- Басқарманың отырысына таратылуы шектеулі, мемлекеттік құпияға жатқызылмаған мәліметтер бар мәселелер бойынша материалдарды тиісті құрылымдық бөлімшелер Басқарма хатшысына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде және (немесе) таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратпен жүргізілетін жұмыс мәселелерін және Агенттіктің конфиденциалды ақпарат айналысының тәртібін реттейтін Агенттіктің нормативтік емес құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен ұсынады.
- Басқарманың отырысына мемлекеттік құпияға жатқызылған мәліметтер бар мәселелер бойынша материалдарды әзірлеуші бөлімшелер уәкілетті бөлімшеге құпиялылық режимді қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің және Агенттіктің нормативтік емес құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес ұсынады.
- Басқарманың мүшелері Басқарма хатшысына Басқарма отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселелердің мәні бойынша қосымша материалдар, ақпараттар немесе түсіндірмелер беру туралы жазбаша (ауызша) сұрату жасай алады.
- Басқарма отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша Басқарманың мүшелерінен келіп түскен сұратуларды, ескертулерді және ұсыныстарды Басқарма хатшысы тиісті құрылымдық бөлімшелердің қарауына Басқарманың отырысына дейін жібереді.
- Әзірлеуші бөлімшелер ескертулер мен ұсыныстарды қарағаннан кейін Басқарманың отырысына дейін Басқарманың Төрағасына және Басқарманың мүшелеріне тиісті түсіндірмелер бере отырып, ұсынылған ескертулер мен ұсыныстарды қарау (қабылдау не кері қайтару) нәтижелері туралы хабардар етеді.
- Басқарманың Төрағасының шешімі бойынша Басқарма отырыстары бейнеконференция немесе аудиоконференция нысанында өткізілуі мүмкін.
- Басқарма отырысы бейнеконференция нысанында өткізілген жағдайда Басқарма хатшысы Басқарма отырысына дейін бұл туралы Басқарма мүшелеріне хабарлайды.
- Басқарма отырысын бейнеконференция нысанында өткізуді уәкілетті бөлімшемен келісім бойынша ақпараттық технологиялар бөлімшесі қамтамасыз етеді.
- Отырысты белгіленген уақытта өткізуге кедергі келтіретін мән-жайлар туындаған кезде Басқарманың Төрағасы Басқарма отырысы өткізілетін күнге дейін оны өткізу уақыты мен нысанын өзгерту туралы шешім қабылдауға құқылы. Мұндай шешімді уәкілетті бөлімше Басқарма мүшелеріне және шақырылған адамдарға Ереженің 24-тармағында көзделген тәртіппен жеткізеді.
- Басқарма отырыстарын өткізу
- Басқарма отырысын Басқарма Төрағасы жүргізеді.
- Басқарма Төрағасы Басқарма отырыстарында:
1) Басқарма отырысын басқарады;
2) отырысты ашады және жабады;
3) Басқарма мүшелерін күн тәртібінің мәселелері, олар бойынша мәліметтер мен материалдар таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа және (немесе) мемлекеттік құпияларға жатқызылған, жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында жауапкершілік көзделген мәселелер туралы хабардар етеді;
4) баяндама жасау үшін және сөйлеушілерге сөз береді;
5) қарастырылып отырған мәселе бойынша өз ұстанымын баяндайды;
6) пікірталас қорытындысын шығарады, келіп түскен ұсыныстарды қорытады және тұжырымдайды;
7) Басқарманың отырысында келіп түскен ұсыныстарды, өтініштерді, анықтамаларды, сұратуларды, сондай-ақ отырыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша отырыста жоқ Басқарма мүшелерінің осы пікірлер ұсынылған жазбаша пікірлерін жария етеді;
8) қаралып отырған мәселелер бойынша Басқарма шешімдерінің жобаларын, Басқарма мүшелерінің ұсыныстарын дауысқа салады, дауыстарды санауды ұйымдастырады, дауыс беру нәтижелерін жариялайды.
9) отырыстың хаттамалары мен стенограммаларына қол қояды.
- Басқарма отырысы мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.
- Басқарма мүшелері жан-жақты қарауды және олар бойынша шешім қабылдауды талап ететін күрделі мәселелерді қараған кезде Басқарма отырысы қажет болған кезде бірнеше күн ішінде өткізілуі (жалғасуы) мүмкін. Бұл жағдайда Басқарма отырысының соңғы күні шешім қабылданған күн болып саналады.
- Басқарма мүшелері Басқарма отырыстарына жеке өзі қатысады және өздеріне жүктелген міндеттерді орындауды өзге адамдарға беруге құқылы емес.
- Басқарма мүшелері, олардың Басқарма отырысына қатысу (болу) мүмкіндігі болмаған кезде (ауруына, іссапарда, демалыста болуына және басқа да дәлелді себептерге байланысты) Басқарма отырысы өткізілгенге дейін кемінде 1 (бір) жұмыс күні бұрын Басқарма отырысына қатысу (болу) мүмкін еместігінің себептері туралы Басқарманың Төрағасын хабардар етеді.
- Егер Басқарма Төрағасын қоса алғанда, Басқарманың заңды күші бар мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі (кворум) Басқарма отырысына қатысса (ішкі отырыс өткізу кезінде) не Басқарма хатшысына толтырылған, қол қойылған бюллетеньдер және (немесе) жазбаша түрдегі пікірлер ұсынылса (сырттай отырыс өткізу кезінде), Басқарма күн тәртібінің мәселелері бойынша шешімдерді қарауға және қабылдауға құқылы.
- Кворумды айқындау үшін осы Ереженің 54-тармағында көрсетілген себептер бойынша отырыста болмаған Басқарманың заңды күші бар мүшелері отырыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жазбаша түрде (бюллетеньде) олардың пікірі болған кезде есепке алынуы мүмкін.
- Басқарма мүшесінің міндеттерінен босатылғанға дейін тиісті құқықтық актімен тағайындалған адам Басқарманың жұмыс істеп отырған мүшесі болып табылады.
- Басқарма отырысы кворум болған кезде хабарламада көрсетілген уақытта басталады және оны Басқарма Төрағасы ашады.
- Кворумның болуын Басқарманың Төрағасы Басқарма отырысы басталар алдында уәкілетті бөлімше дайындаған Басқарма отырысына қатысатын Басқарманың заңды күші бар мүшелері туралы мәліметтер негізінде айқындайды. Басқарманың Төрағасы Басқарма отырысына қатысушыларға отырысты өткізу үшін кворумның бар екені туралы хабарлайды және отырыстың күн тәртібін жариялайды.
- Кворум болмаған жағдайда Басқарманың Төрағасы Басқарма отырысының неғұрлым кеш мерзімге ауыстырылғаны туралы хабарлайды.
- Басқарма мүшелері отырысқа қатысып отырған Басқарма мүшелерінің қарапайым көпшілігінің келісімі болған жағдайда қабылданатын Басқарма отырысын жүргізу тәртібі (отырыстың күн тәртібіндегі мәселелерді қарау кезектілігі, қаралатын мәселелер бойынша баяндамалар үшін уақыт және басқалар) бойынша отырыста ұсыныстар енгізуге құқылы.
- Басқарма отырыстарына әзірлеуші бөлімшелердің басшылары қатысады. Әзірлеуші бөлімшенің басшысы болмаған жағдайда (науқастануына, іссапарда, демалыста болуына және басқа да дәлелді себептерге байланысты) Басқарма отырыстарына оларды алмастыратын адамдар не әзірлеуші бөлімшелердің өзге де қызметкерлері (бұл туралы Басқарманың Төрағасына хабарлайтын уәкілетті бөлімшемен келісім бойынша) қатыса алады.
- Басқарманың отырысында күн тәртібінің мәселелерін қарау мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) баяндамашы қаралып отырған мәселе бойынша баяндама жасайды және Басқарманың мүшелерін орын алған ескертулер мен ұсыныстар туралы хабардар етеді;
2) Басқарманың мүшелері баяндамашыларға, сондай-ақ Басқарманың отырысына қатысып отырған өзге тұлғаларға сұрақтар (болған кезде) қояды;
3) Басқарманың мүшелері, сондай-ақ шақырылған тұлғалар баяндама бойынша жарыссөздерге қатысады;
4) Ұлттық Банктің Төрағасы қаралып отырған мәселе бойынша отырысқа дейін Басқарманың мүшелерінен келіп түскен жазбаша ұсыныстарды (болған кезде) жариялайды;
5) Басқарманың мүшелері келіп түскен ескертулер мен ұсыныстарды талқылайды, сондай-ақ қаралып отырған мәселеге қатысты өзінің (оның ішінде ерекше) пікірін білдіреді.
6) Басқарма Төрағасы жарыссөздерді қорытындылайды және қаралып отырған мәселелер бойынша келіп түскен ұсыныстарды қалыптастырады;
7) Басқарма Төрағасы дауыс беру қорытындысын жариялайды;
- Басқарманың отырысына шақырылған тұлғалар қаралып отырған мәселені талқылауға қатысуға құқылы.
- Басқарманың отырысындағы баяндамаларға арналған уақыт 10 (он) минуттан аспайтындай етіп белгіленеді. Қажет болған кезде не баяндамашының негізді өтініші бойынша Басқарманың Төрағасы баяндамаға арналған уақытты ұзарта алады немесе қысқарта алады (талқыланатын мәселелерге байланысты).
- Басқарманың отырысында қаралып отырған мәселе бойынша келіспеушіліктер туындаса, Басқарма оны пысықтауға жіберуге құқылы. Аталған жағдайда мұндай мәселені Басқарманың келесі отырысында қарау туралы шешім қабылдануы мүмкін.
- Басқарманың сырттай отырыстарын
дайындау және өткізу
- Басқарма Төрағасының шешімі бойынша Басқарманың сырттай отырыстары өткізілуі мүмкін, онда шешімдер пікіртерім жүргізу арқылы қабылданады.
- Басқарма Төрағасы Басқарма отырысының күн тәртібін келісу және күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша материалдарды, сондай-ақ жоспардан тыс мәселелер бойынша материалдарды қарау кезінде мәселені Басқарманың отырысында қарау үшін ұсыну туралы немесе пікіртерім жүргізу арқылы (сырттай отырыста) қарау туралы шешіммен әрбір мәселе бойынша тиісті бұрыштаманы қояды.
- Басқарманың сырттай отырысының қарауына шығарылған, дауыс беруге қатысқан Басқарма мүшелерінің жалпы санынан Басқарма мүшелерінің жартысынан көбісі қарсылық білдірген мәселелер бойынша Басқарманың Төрағасы оны Басқарманың күндізгі отырысында қарау қажеттілігі туралы шешім шығаруы мүмкін.
- Басқарманың шешімдер қабылдауы
- Басқарма отырысында хаттама жүргізіледі. Құзыретіне жататын мәселелер бойынша қаулы қабылдайды. Басқарманың шешімі Басқарма мүшелерінің жай көпшілік дауысымен қабылданды. Дауыс беру тең болған кезде Басқарма Төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
- Басқарма қабылдайтын шешімдердің заңдылығы үшін жауапкершілік шешім қабылдау кезінде қарсы дауыс бергендерді қоспағанда, оның дауыс беруге қатысқан барлық мүшелеріне жүктеледі.
- Басқарма төрағасы 7 (жеті) күнтізбе ішінде Басқарма қабылдаған шешімді өзінің қарсылықтарымен қайта қарауға және ол бойынша қайта дауыс беруге қайтаруға құқылы. Егер Басқарманың жалпы санының үштен екісі алдыңғы қабылданған шешімді растаса Басқарма төрағасы ол шешімге қол қояды.
- Күндізгі және сыртқы Басқарма отырыстарының шешімдері отырыстың хаттамасымен рәсімделеді.
- Басқарма отырыстарының хаттамаларын ресімдеу
- Басқарма отырысының қортындысы бойынша хаттама ресімделеді.
- Басқарма отырысының хаттамасында мынадай негізгі мәліметтер (деректемелер) көрсетіледі:
1) тақырыбы («отырыс хаттамасы» деген сөз және Агенттіктің органының толық атауы кіреді);
2) Басқарманың отырысын жүргізу орны және хаттаманы жүргізу күні;
3) күнтізбелік жылдан бастап кезекті реттік нөмірден тұратын тіркеу нөмірі;
4) Басқарманың отырысы басталған уақыт;
5) Басқарманың отырысына қатысатын Басқарма мүшелерінің тізімі (кворум);
6) шақырылған адамдардың тізімі;
7) Басқарма отырысының күн тәртібі;
8) дауыс беруге қойылған күн тәртібіндегі мәселелер;
9) Басқарма Төрағасының және Басқарманың отырысы хатшысының қолдары.
- Басқарма отырысының хаттамасында (қажет болған жағдайда) басқа да мәліметтер (деректемелер) болуы мүмкін.
- Таратылуы шектеулі қызметтік ақпараттар бар Басқарма отырысының хаттамасы Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген ерекшеліктерді ескере келе рәсімделеді.
- Басқарма мүшелерінің қолы қойылған осы Ереженің 4-қосымшасындағы нысанға сәйкес келісім парағы, талқыланған мәселе бойынша материалдар және күн тәртібі Басқарма отырысының хаттамасына біріктіріледі.
- Басқарманың ашық отырыстарының хаттамалары және материалдарының түпнұсқалары электронды және (немесе) қағазға басып шығарылған түрде 5 (бес) жыл бойы Агенттіктің іс қағаздарын жүргізу жөніндегі нұсқаулықта белгіленген тәртіппен Басқарма Хатшысында сақталады және одан кейін бекітілген тәртіпке сәйкес түпнұсқаларымен және олардың материалдарымен бірге Агенттіктің мұрағатына тапсырылады.
- Таратылуы шектеулі мәліметтерден тұратын, мемлекеттік құпияларға жатқызылмаған, Басқарманың отырысында қаралатын мәселелер бойынша Басқарма отырысының хаттамасы осы отырыста қаралатын мәселелерден бөлек жүргізіледі, Басқарма отырысының хаттамаларын сақтау Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актісінде және таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратпен жүргізілетін жұмыс мәселелерін және Агенттікте конфиденциалды ақпарат айналысының тәртібін белгілейтін Агенттіктің нормативтік емес құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
- Мемлекеттік құпияларға жатқызылған мәселелерді қарау кезінде Басқарманың жабық отырысында жүргізілген хаттаманың түпнұсқасын Басқарма хатшысы есепке алу және сақтау үшін қағазға басып шығарылғанын Агенттіктің құпиялылық режимді қамтамасыз ететін бөліміне сақтауға береді.
- Басқарма хатшысы Регламентте белгіленген тәртіппен ресімделген хаттаманың түпнұсқасын Басқарма отырысы өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Басқарма Төрағасына қол қою үшін береді.
- Басқарманың ашық отырыстарында талқыланатын мәселелер бойынша сөйленетін сөздердің аудиожазбасы жүргізіледі және ол 5 (бес) жыл тиісті құрылымдық бөлімшеге электрондық тасымалдағыштарда сақталады.
- Басқарманың ашық отырыстарында сөйленген сөздердің аудиожазбаларын Басқарма хатшысы электронды тасымалдауышта Агенттіктің іс қағаздарын жүргізу жөніндегі нұсқаулықта белгіленген тәртіппен хаттамаларымен (олар бар болса) және олардың материалдарымен бірге Агенттіктің мұрағатына тапсырады.
- Басқарманың жабық отырыстарында «қызметтік пайдалану үшін» белгісімен, конфиденциалды сипаттағы, таратылуы шектеулі мәселелерді, сондай-ақ мемлекеттік құпияларға жатқызылған мәселелерді қарау кезінде сөйленген сөздердің аудиожазбалары жүргізілмейді.
- Басқарма мүшелерінің, мемлекеттік органдардың, сондай-ақ олардың белгіленген құзыреті шегінде соттардың дәлелді және негізделген жазбаша сұратуы бойынша Басқарма қаулысынан және немесе Басқарма отырысының хаттамасынан (бар болса) және (немесе) ашық отырыста сөйленген сөздердің аудиожазбасынан (бар болса) үзінді-көшірме беріледі.
- Хаттаманың үзінді көшірмесіне Басқарма хатшысы қол қояды және мөрмен бекітіледі.
- Басқарма хатшысының өкілеті
- Басқарма хатшысында дауыс беру құқығы жоқ.
- Басқарма отырысын дайындау және өткізуді жүзеге асырады, сондай-ақ Басқарма шешімдерінің орындалуын қадағалайды.
- Басқарма хатшысының өкілеті Басқарма төрағасымен өзге уәкілетті тұлғаға жүктелуі мүмкін.
- Қорытынды ережелер
- Тиісті құрылымдық бөлімшелердің және Басқарма хатшысы Ереже талаптарының сақталмағаны үшін дербес жауап береді.
- Басқарма мүшелері, сондай-ақ шақырылған адамдар таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратқа және (немесе) мемлекеттік құпияларға жататын мәліметтердің қорғалуы мен жария етілмеуін, сондай-ақ олар Басқарманың отырысына дайындық барысында және (немесе) Басқарманың отырысында алған мәліметтер мен материалдардың конфиденциалдығын қамтамасыз етеді.
- Осы Ереже Агенттіктің интернет-ресурсында орналастырылады.
______________________________________
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Басқармасы туралы
Ережеге 1-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті
қорғау және дамыту агенттігінің
Басқарма отырысының
ХАТТАМАСЫ
Астана қаласы. № _ ______ 202____ жылы.
Төрағалық еткен: _______
сағат__ Басқарма отырысы ашылды.
Қатысқан Басқарма мүшелері: (Аты-жөні)
Шешім қабылдау үшін кворум бар.
- КҮН ТӘРТІБІ
(Баяндамашының аты-жөні)
Дауыс берудің қорытындысы:
Басқарманың шешімі:
Төраға _________
Хатшы _________
Қосымша: Шақырылғандардың тізімі;
Келісім парағы;
Стенограмма или аудиожазба (жүргізілген жағдайда).
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Басқармасы туралы
Ережеге 2-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті
қорғау және дамыту агенттігінің
БАСҚАРМАСЫ
20__ жылғы ____ Басқарманың ішкі отырысында
дауыс беруге арналған
№ __ Б Ю Л Л Е Т Е Н Ь
|
Толтырылған және
қол қойылған бюллетень
ұсынылатын мекенжай:
|
|
Бюллетень ұсынудың шекті күні: 20__ жылғы___ __________
Отырыстың күн тәртібі мәселесінің атауы:
Басқарма мүшесінің шешімі (белгі қою):
«Иә»
«Қарсы»
Ерекше пікірді баяндау («қарсы» деп дауыс берген жағдайда міндетті түрде толтырылуға тиіс)
«Қалыс қалды»
Ерекше пікірді баяндау («қалыс қалды» деп дауыс берген жағдайда міндетті түрде толтырылуға тиіс)
Басқарма мүшесі: __________________
(Аты-жөні, қолы)
20__ жылғы _____________
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Басқармасы туралы
Ережеге 3-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің
Басқарма отырысының хаттамасына
келісу парағы
|
р/с
№
|
Аты-жөні
|
Лауазымы
|
Қолы
|
Қой қойылған күні
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
|
|
|
|
|
|
Согласовано
17.03.2023 09:22 Искаков Арсен Бейсембаевич
17.03.2023 09:23 Баймаканова Аида Турагуловна
17.03.2023 09:26 Пасечко Роман Евгеньевич
17.03.2023 09:27 Тюлюбеков Алибек Дулатович
17.03.2023 09:47 Нурмаганбетова Асемгуль Жумабаевна
17.03.2023 09:51 Ортакбаева Асель Б
17.03.2023 10:03 Туякбаева Мира Асылбековна
17.03.2023 10:04 Сағын Бекбол Ұбайдоллаұлы
17.03.2023 10:18 Сматов Жандос Қалдарбекұлы
17.03.2023 10:34 Қабдолдақызы Жанна
17.03.2023 11:12 Касымханова Индира Жангельдиевна
17.03.2023 12:51 Ахметов Ербосын
17.03.2023 14:50 Ермагамбетов Жандос Мубаракович
20.03.2023 12:44 Жаманова Нургуль Рамазановна
20.03.2023 14:40 Абсаттарова Маржан Несипбековна
20.03.2023 14:57 Исаков Алмас
20.03.2023 14:58 Самбетов Болат Куанышбекович
24.03.2023 11:11 Ахметов Рустам Нурланович
24.03.2023 12:39 Альжан Ерлан Ибрагимулы
Подписано
24.03.2023 17:26 Омаров Марат Талгатович