«Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы №383-V Қазақстан Республикасының Заңы және Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ереже негізінде Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті дамыту және қорғау агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Қоғамдық кеңесінің сандық құрамын ұлғайту мақсатында Агенттіктің Қоғамдық кеңесінің (бұдан әрі – Кеңес) мүшеселерін сайлау жөніндегі қосымша конкурс жарияланады.
Бүгінгі таңда Кеңес 14 адамнан тұрады: 9 – азаматтық қоғам өкілдері, 2 – депутаттар, 3 – Агенттік өкілдері.
Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматы Кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күні ішінде қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтінішті және (немесе) ұсыныс беру пошта немесе электрондық мекенжайға ұсыныстар береді.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды:
1) кандидатураны Кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші (үлгілер қоса беріледі);
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер (үлгі қоса беріледі);
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама ұсынады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және
4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе Агенттіктің көрсетілген анықтамаларды ақпараттық жүйелерден талап етіп алдыруына жазбаша келісуі арқылы ұсынады.
Кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға тиіс;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға тиіс;
3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.
Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2023 жылғы 20 наурызға дейін.
Байланыс мәліметтері: Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті дамыту және қорғау агенттігі, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел 8 даңғылы, Министрліктер үйі, 1 кіре беріс. Е-mail: a.sapuanova@azrk.gov.kz.
Қосымша ақпаратты алу үшін 74-34-37 нөміріне хабарласыңыз.
Өзін-өзі ұсынған кандидатқа үлгі
Өмірбаян деректері бойынша үлгі