Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестігін аккредиттеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 799 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді өткізу қағидаларының, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібінің 7-тармағының 4) және            5)-тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Қазақстан жобалаушыларының Республикалық одағы» өзін-өзі реттейтін ұйымы» заңды тұлғалардың бірлестігі, «Қазақстанның дезинфекциялаушылар одағы» өзін-өзі реттейтін ұйымы» заңды тұлғалардың бірлестігі, «Казақстанның азаматтық авиация қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі аккредиттелсін.
  2. Осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестігіне Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жанындағы Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің қызметі шеңберінде жеке кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптама жүргізуге аккредиттеу туралы куәліктер берілсін.
  3. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссияның жұмыс органы осы бұйрықты мүдделі тұлғалардың назарына жеткізсін.
  4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Аппарат басшысының міндетін атқарушысы Б.Ұ. Сағынға жүктелсін.
  5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
приказ
Дата публикации
23 февраля 2023