Бәсекелестіктің жай-күйіне талдаулары

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен бәсекелестікті қорғау және дамыту, монополиялық қызметтің алдын алу, шектеу және жою жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде 2022 жылы мынадай іс-шаралар өткізілді:

Келесі салалар бойынша тауар нарықтарына 33 талдау  аяқталды:

АӨК саласындағы 6 талдау: сүт өндіру және өткізу; базарларда жалға беру; қантты көтерме саудада өткізу; тұзды көтерме сату; ритейл талдауы; тауық жұмыртқасын өндіру және көтерме саудада өткізу бойынша талдау.

ОЭК саласындағы 12 талдау және 1 талдамалық жұмыс: газға қосу бойынша ҚМЖ (2 талдау); бензин мен дизель отынын көтерме саудада өткізу (2 Талдау); бензин мен дизель отынын бөлшек саудада өткізу (2 Талдау); көмірді бөлшек саудада өткізу; электр энергиясын бөлшек саудада өткізу; авиа отын бойынша талдамалық жұмыс; СМГ бөлшек саудада өткізілуін талдау; СМГ көтерме саудада өткізілуін талдау; СМГ баллондарда өткізілуін талдау; авиациялық отынды талдау.

Өнеркәсіп саласындағы 4 талдау: тұрғын үйдің бастапқы құрылысы; ауыл шаруашылығы қосалқы бөлшектерін өткізу; гипсокартон мен гипс қоспасын өндіру мен көтерме сатуды талдау; жол құрылысын талдау.

Өзге салалар бойынша 7 талдау: тауарлық газдың биллингтік қызметтері нарығы; Шу ауданының базары бойынша талдау; дәрілік препараттарды бөлшек саудада өткізу; есептеу құралдарын орнату, қызмет көрсету және тексеру; ПТР тесттер; мектепке дейінгі білім беру қызметтері; ҚТҚ жинау, шығару және көму бойынша талдау.

Көлік және байланыс саласындағы 3 талдау: такси диспетчерлік қызметтер нарығы; цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату қызметтері; вагондарды жөндеу бойынша талдау.

Дата публикации
23 февраля 2023