Тергеп-тексеру қорытындылары

2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен 10 тергеу жүргізілді, оның ішінде:

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен жергілікті атқарушы органдардың бәсекелестiкке қарсы әрекеттерi бойынша нарық субъектілерінің тауар нарығына кіруін шектеу бөлігінде «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі» КММ-не қатысты 1 тергеп-тексеру (Кодекстің 194-бабы 2-тармағының 8) тармақшасы) жүргізілді. Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 163-бабының 1 бөлігі бойынша мекеме басшысына қатысты әкімшілік іс қозғалып, 300 АЕК мөлшерінде 918 900 теңге айыппұл салынды. Лауазымды тұлға қысқартылған әкімшілік өндіріс бойынша аталған соманың 50 %-ын төледі.

Үстем жағдайды теріс пайдалану бойынша тауарды өткізу кезінде әртүрлі бағаларды қолдану бөлігінде «Жамбыл цемент өндірістік компаниясы» және «Тараз қант зауыты» ЖШС-теріне қатысты 2 тергеп-тексеру (пп.Кодекстің 174-бабы  2-тармақшасы) жүргізілді.

«Жамбыл цемент өндірістік компаниясы» ЖШС-не қатысты тергеп-тексеру нәтижелері бойынша бәсекелестікті қорғау саласындағы ҚР заңнамасын бұзу фактілерінің болмауына байланысты тергеп-тексеру тоқтатылды.

«Тараз қант зауыты» ЖШС-не қатысты жүргізілген тергеп-тексеру нәтижелері бойынша құмшекерді бастапқы өткізу кезінде әртүрлі бағаларды қолдану арқылы жалпы сомасы 285 192 000 теңге көлемінде кіріс алғандығы анықталды.

Осыған орай, тергеу объектісіне қатысты материалдар Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне сотқа дейінгі тергеу жүргізу үшін жолданған болатын. 2022 жылғы 11 шілдеде Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті «Тараз қант зауыты» ЖШС-нің әрекеттерінде қылмыстық жазаланатын әрекеттердің болмауына байланысты тергеу материалдарын Департаментке кері қайтарды.

Осыған байланысты, Департаментпен «Тараз қант зауыты» ЖШС-не қатысты әкімшілік іс қозғалып, Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді. Нәтижесінде Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен «Тараз қант зауыты» ЖШС-не 8 555 760 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ, тергеп-тексеру қорытындысы бойынша монополияға қарсы ден қою шараларын қабылдау шеңберінде «Тараз қант зауыты» ЖШС-не қатысты ҚР бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тоқтату туралы нұсқама енгізілді. Бүгінгі таңда нарық субъектісімен нұсқама орындалды.

Нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы әрекеттері бойынша дизель отынын өткізуді шектеу бөлігінде «Нуров», «Мухиев» жеке кәсіпкерлеріне және «ТаразПетролСервис», «Бизнес-Ойл», «Эврика Нефтепродукт» ЖШС-теріне қатысты 1 тергеп-тексеру (Кодекстің 170-бабы 1-тармағының 2) тармақшасы) жүргізілді. Тергеп-тексеру қорытындысы бойынша жоғарыда аталған субъектілерге қатысты әкімшілік істер қозғалып, Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді. Нәтижесінде Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен нарық субъектілеріне жалпы сомасы 559 741 теңге айыппұл салынып, 163 704 теңге монополиялық кірісі тәркіленді.

Сұйытылған мұнай газы бағаларын белгілеу және ұстап тұру бөлігінде картельдік келісімнің белгілері бойынша «Тараз Газ Терминал» ЖШС және «Азия мұнай өнімі» ЖШС-теріне қатысты 1 тергеп-тексеру (Кодекстің 169-бабы 1-тармағының 1) тармақшасы) жүргізілді. Бәсекелестікті қорғау саласындағы ҚР заңнамасын бұзу фактілерінің болмауына байланысты аталған терге-п-тексеру тоқтатылды.

Лоттарды бөлу жолымен конкурстардың қорытындыларын бұрмалау бөлігінде картельдік келісім белгілері бойынша «Аяна» және «Тұяқбаева» жеке кәсіпкерлеріне қатысты 1 тергеп-тексеру (Кодекстің 169-бабы 1-тармағының 2) тармақшасы) жүргізілді. 

Жүргізілген тергеп-тексеру нәтижесі бойынша «Аяна» және «Тұяқбаева» жеке кәсіпкерлері мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету кезінде жалпы сомасы 14 210 033 теңге кіріс алғандығы анықталды.

Осыған байланысты жоғарыда аталған кәсіпкерлерге қатысты әкімшілік істер қозғалып, Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді. Соттың қаулысына сәйкес «Аяна» және «Тұяқбаева» жеке кәсіпкерлері кінәсіз деп танылып, әкімшілік өндірістер қысқартылды.

Үстем жағдайды теріс пайдалану арқылы монополиялық жоғары бағаларды белгілеу, ұстап тұру бөлігінде «Аспан Энерджи» және «Казфосфат» ЖШС-теріне қатысты 2 тергеп-тексеру (Кодекстің 174-бабы 1) тармақшасы) жүргізілді. 

Жүргізілген тергеп-тексеру нәтижесі бойынша «Аспан Энерджи» ЖШС электр энергиясын есепке алу аспаптарын өткізу кезінде ҚҚС-сыз 161 646 428 теңге кіріс алғандығы анықталды. 

Тергеп-тексеру объектісіне қатысты материалдар Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне сотқа дейінгі тергеу жүргізу үшін жолданды. 2022 жылғы 5 тамызда Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті «Аспан Энерджи» ЖШС әрекеттерінде қылмыстық жазаланатын әрекеттердің болмауына байланысты тергеу материалдарын Департаментке кері қайтарды.

Осыған байланысты Департаментпен «Аспан Энерджи» ЖШС-не қатысты әкімшілік іс қозғалып, Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді. Соттың қаулысымен «Аспан Energy» ЖШС-нің 11 897 735 теңге көлеміндегі монополиялық кірісі тәркіленіп, 4 849 392 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Сондай-ақ, «Аспан Energy» ЖШС-не Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексі нормаларын бұзушылықтарды тоқтату туралы нұсқама енгізілді.

«Казфосфат» ЖШС-ге қатысты тергеп-тексеру қорытындылары бойынша осы субъект монополиялық жоғары бағаны белгілей отырып, Қазақстан Республикасының ішкі нарығында аммофосты сатудан 697 950 346 теңге мөлшерінде негізсіз монополиялық кіріс алғаны анықталды.

Бүгінгі таңда «Казфосфат» ЖШС-не қатысты материалдар сотқа дейінгі тергеу жүргізу үшін ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің тиісті аумақтық Экономикалық тергеу департаментіне жолданды.

Сотқа дейінгі тергеу барысында «Казфосфат» ЖШС 697 950 346 теңге көлеміндегі монополиялық кірісті өз еркімен өтеген.

Конкурс қорытындыларын бұрмалау бөлігінде картельдік келісім белгілері бойынша (Кодекстің 169-бабы 1-тармағының 2) тармақшасы) «Агро эксперт ас» ЖШС-не қатысты 1 тергеп-тексеру жүргізілді.

Тергеп-тексеру қорытындысы «Агро эксперт ас» ЖШС-не қатысты материалдар сотқа дейінгі тергеу жүргізу үшін ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің тиісті аумақтық Экономикалық тергеу департаментіне жолданды.

Сонымен қатар, Жамбыл облысының прокуратурасымен бірлесіп «Ауыл Береке» ЖШС-нің  (базар) қызметіне тексеру жүргізілген болатын.

Нәтижесінде «Ауыл Береке» ЖШС-не қатысты үстем жағдайды теріс пайдалана отырып монополиялық жоғары бағаларды белгілеу және нарық субъектілеріне қатысты әртүрлі бағаларды қолдану бөлігінде бәсекелестікті қорғау саласындағы ҚР заңнамасын бұзу белгілері бойынша 2 әкімшілік іс қозғалды және сотқа жіберілді. Нәтижесінде Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен «Ауыл Береке» ЖШС-не 4 289 985 теңге мөлшерінде айыппұл салынып, 1 448 000 теңге мөлшерінде монополиялық кірісі тәркіленді.

Бүгінгі таңда, "Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" КММ-ге қатысты нарықтың жекелеген субъектілеріне оларды бәсекелестеріне қатысты артықшылық жағдайға қоятын жеңілдіктер жасау белгілері бойынша бұзушылықтардың қайта қабылдануына және олардың жүйелі түрде туындауына байланысты 1 тергеп-тексеру жүргізілді.

Нәтижесінде, толық ұсынылмаған өтінімдерді қарауға қабылдаудан басқа, сұйытылған мұнай газын бөлу кезінде нарықтың жекелеген субъектілеріне қолайлы жағдайлар жасалып, артықшылықтар берілгені анықталды. Осыған орай, тергеп-тексеру қорытындысы бойынша Басқарма басшысына қатысты әкімшілік іс қозғалып, 300 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Лауазымды тұлға қысқартылған әкімшілік өндіріс бойынша аталған соманың 50 %-ын төледі.

Дата публикации
23 февраля 2023