ӨҢДЕЛГЕН СҮТТІ КӨТЕРМЕ САУДАДА ӨТКІЗУ НАРЫҒЫНА ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ БОЙЫНША ҚОРЫТЫНДЫ

2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 352-НҚ бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) 2022 жылға арналған жоспарына сәйкес Агенттік және оның аумақтық бөлімшелері 2021 жылдың және 2022 жылдың I-жартыжылдығының қорытындысы бойынша өңделген сүтті көтерме саудада өткізу қызметтері нарығына талдау (бұдан әрі – талдау) жүргізді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 қаулысына сәйкес жұмсақ қаптамадағы майлылығы 2,5% пастерленген сүт әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (бұдан әрі – ӘМАТ) тізбесіне кіреді.

Талдау жүргізудің мақсаты зерттелетін тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйін бағалауды және нарықтың шоғырлану дәрежесін анықтау, тиісті тауар нарықтарында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерін анықтау, сондай-ақ монополистік қызметтің алдын алу және жолын кесу болып табылды.

Талдау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (бұдан                                                   әрі – Кодекс) және Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № 13-НҚ бұйрығымен бекітілген Тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу жөніндегі әдістемеге (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес жүргізілді.

Талдау жүргізу кезінде статистика, сот, кеден органдарынан және жергілікті атқарушы органдардан, және зерттелетін тауар нарығында қызметін жүзеге асыратын нарық субъектілерінен алынған мәліметтер пайдаланылды.

ӨҢДЕЛГЕН СҮТТІ КӨТЕРМЕ САУДАДА ӨТКІЗУ НАРЫҒЫНА ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ БОЙЫНША ҚОРЫТЫНДЫ
Дата публикации
03 февраля 2023