ҚҰМШЕКЕРДІ КӨТЕРМЕ САУДАДА ӨТКІЗУ НАРЫҒЫНДАҒЫ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІҢ ЖАЙ-КҮЙІНЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ТАЛДАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 352-НҚ бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) 2022 жылға арналған жоспарына сәйкес Агенттік және оның аумақтық бөлімшелері Қазақстан Республикасының географиялық шекараларында 2022 жылдың I-жартыжылдығының қорытындылары бойынша құмшекерді көтерме саудада өткізу қызметтері нарығына талдау (бұдан әрі – Талдау) жүргізді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 қаулысына сәйкес құмшекер әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (бұдан әрі – ӘМАТ) тізбесіне кіреді.

Талдау жүргізудің мақсаты зерттелетін тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйін және нарықтық шоғырлану деңгейін бағалауды анықтау, тиісті тауар нарықтарында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерін анықтау, сондай-ақ монополистік қызметтің алдын алу және жолын кесу болып табылды.

Талдау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (бұдан                                    әрі – Кодекс) және Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № 13-НҚ бұйрығымен бекітілген Тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу жөніндегі әдістемеге (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес жүргізілді.

Талдау жүргізу барысында статистика, мемлекеттік кірістер органдарынан және жергілікті атқарушы органдардан, қызметін зерттелетін тауар нарығында жүзеге асыратын нарық субъектілерінен алынған мәліметтер пайдаланылды.

ҚҰМШЕКЕРДІ КӨТЕРМЕ САУДАДА ӨТКІЗУ НАРЫҒЫНДАҒЫ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІҢ ЖАЙ-КҮЙІНЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ТАЛДАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Дата публикации
03 февраля 2023