Негізгі қуатқа тең қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 13 маусымдағы № 15 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Негізгі қуатқа тең қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 13 маусымдағы № 15 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

  1. Негізгі қуатқа тең қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 13 маусымдағы № 15 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28495 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген негізгі қуатқа тең қол жеткізу қағидаларында:

18 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«18. Монополияға қарсы орган нарық субъектісі өтінішінің нәтижелері бойынша негізгі қуат иесінің бас тартуы негізділігінің расталғаны туралы хабарлайды не Кодекске сәйкес шаралар қабылдайды, бұл туралы нарық субъектісін хабардар етеді.

Егер нарық субъектісінің өтінішін қарау нәтижелері бойынша монополияға қарсы орган негізгі қуатқа тең қол жеткізуді ұсынбаудан көрінетін негізгі қуат иесінің өзінің үстем немесе монополиялық жағдайын теріс пайдалану белгілерін анықтаса, нарық субъектісі қайтадан өтінім береді.

Осы тараудың ережелері электр энергиясын орталықтандырылмаған сатып алу-сату нарығындағы негізгі қуат иелеріне қолданылмайды.»;

«19» тармағының нөмірленуі «32» болып өзгертілсін;

мынадай мазмұндағы 2-1-тараумен толықтырылсын:

«2-1-тарау. Электр энергиясын орталықтандырылмаған сатып алу-сату нарығында негізгі қуатқа тең қол жеткізуді қамтамасыз етудің ерекше тәртібі

18-1. Электр энергиясын орталықтандырылмаған сатып алу-сату нарығындағы негізгі қуаттың иелері тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие энергия өндіруші ұйымдар (бұдан әрі – ЭӨҰ) болып табылады.

18-2. Электр энергиясын орталықтандырылмаған сатып алу-сату нарығында сатып алу-сату шарттары Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жасалады, сондай-ақ мынадай талаптарды:

1) Тараптар келіскен электр энергиясын жеткізу режимін сағаттық (тәуліктік, маусымдық) өзгерту кестесі;

2) электроэнергияны желіге жіберу кездегі физикалық және коммерциялық есепке алу нүктелерін көрсету және электр энергиясын тұтынушылардың және ЭӨҰ электр энергиясының шарттық көлемдерін желісінен қабылдау;

3) авариялық жағдайлар туындаған жағдайда электр энергиясын жеткізу шарттары (резервтеу тәртібі);

4) сатып алушы электр энергиясын уақтылы төлемеген жағдайда электр энергиясын босатуды шектеу және (немесе) тоқтату тәртібін көздейді.

18-3. Күнтізбелік жыл ішінде электр энергиясының көлемдерін бөлу процесін басқаруға заңды, ашық және жүйелі тәсілді қамтамасыз ету мақсатында ЭӨҰ жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 1 қаңтарынан 31 мамырына дейін электр энергиясын сатып алушылардан өтінімдер қабылдайды.

18-4. Өтінімге келесі құжаттар кіреді:

1) резервтелетін қуатты ай сайын бөле отырып, электр энергиясын сатып алу ниеті көрсетілген электр энергиясын көтерме сатып алушының хаты;

2) электр қуатының жүктемені көтеруге дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі қызметті көрсетуге бірыңғай сатып алушымен электр энергиясын көтерме сатып алушының шартының көшірмесі;

3) энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның көшірмесі (энергиямен жабдықтаушы ұйымдар үшін);

4) энергия беруші ұйыммен электр энергиясын беру жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған оның ішінде өңірлік деңгейдегі электр желілеріне электр энергиясын көтерме саудадағы сатып алушы қосылған оны пайдаланатын шарттың көшірмесі және тиісті диспетчерлік орталықпен немесе өңірлік электр желілік компанияның пунктімен диспетчерлеу бойынша қызметтер көрсету туралы шарт (қажет болған жағдайда).

18-5. Сатып алушылардың өтінімдері негізінде ЭӨҰ жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 15 маусымынан кешіктірмей кезекті жоспарлы жылға электр энергиясын босату жоспарын бекітеді.

18-6. Осы Қағидалардың 18-3-тармағында көрсетілген кезеңде берілген өтінімдер басымдылықтың кему тәртібімен ЭӨҰ-мен қаралады:

1) ЭӨҰ тұлғалар тобының құрамына кіретін электр энергиясының көтерме сауда нарығының тұтынушылары;

2) ЭӨҰ шиналарына және (немесе) өңірлік электр беру желілеріне қосылған тікелей тұтынушылар;

3) электр энергиясын стратегиялық тауар ретінде пайдаланатын электр энергиясын беру, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру салаларындағы табиғи монополиялар субъектілері;

4) Жеке тұлғаларға (халыққа тұрмыстық тұтыну үшін) олар үшін расталған көлемдер шегінде электр энергиясын өткізетін энергиямен жабдықтаушы ұйымдар;

5) жылдық көлемі кемінде 1 МВт орташа тәуліктік (базалық) қуат шегінде энергиямен жабдықтаушы ұйымдар (электр энергиясының тиісті бөлшек сауда нарығына бастапқы кіретін);

6) Өзге де энергиямен жабдықтаушы ұйымдар.

Осы Қағидалардың 18-3-тармағында көрсетілген кезеңнен кеш берілген өтінімдер ЭӨҰ-мен өтінімдер келіп түскен күні мен уақытына сәйкес кезектілік бойынша қаралады.

18-7. Қолда бар қуатты және сатып алушылардың электр энергиясын сатып алуға өтінімдерін, сондай-ақ осы Қағидалардың 18-6-тармағында көзделген тәртіппен электр энергиясын бөлуді ескере отырып, электр энергиясын босату жоспарын ЭӨҰ бекіткен кезде ЭӨҰ электр энергиясының тиісті бөлшек сауда нарығына бастапқы кіретін энергиямен жабдықтаушы ұйымдар үшін электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін электр энергиясының жылдық көлемін кемінде 2 МВт резервке қояды.

18-8. ЭӨҰ бекіткен электр энергиясын босату жоспарының негізінде ЭПО мен сатып алушылар арасында жоспарланған кезеңге бір жылға электр энергиясын сатып алу-сату шарты жасалады.

18-9. ЭӨҰ шартын жасасудан бас тарту немесе жалтару, электр энергиясын өндіруді қысқарту не тоқтату мынадай жағдайларда негізделген деп есептеледі:

1) жүйелік оператор растаған ЭӨҰ сатып алушы жүгінген сәтте электр энергиясын өндірудің, берудің техникалық мүмкіндігінің болмауы;

2) жүйелік операторға шарттық көлем (реттеу диапазоны) шамасына қуатты реттеу бойынша қызметтер көрсету;

3) тиісті адамдар тобының тізіліміне енгізілген тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін қолда бар қуаттың он пайызынан аспайтын мөлшерде электр қуаты резервінің қажетті шамасын ұстап тұру;

4) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 106 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10531 болып тіркелген) бекітілген электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларының талаптарына сәйкес өтінім беру сәтінде сатып алушының төлем қабілеттілігін растамаған жағдайда.

18-10. Электр энергиясын сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелер орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайларда Тараптар келтірілген нақты залалды ерікті тәртіппен не уағдаластыққа қол жеткізілмеген жағдайда – сот шешімі бойынша өтеуге міндетті.

18-11. ЭӨҰ жыл сайын жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 15 шілдесінен кешіктірмей өзінің интернет-ресурсында қолда бар және резервтелген қуат туралы ақпаратты орналастырады.

 

18-12. ЭӨҰ нақты жеткізілім айынан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей өзінің интернет-ресурсында осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша меншікті генерациялайтын қондырғылардың электр қуаты келісімшартталған және желіге босату үшін бос электр қуаты туралы ақпаратты орналастырады.

18-13. ЭӨҰ-да өзінің интернет-ресурсы болмаған кезде ЭӨҰ өзінің интернет-ресурсында орналастыру үшін электр энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның атына тиісті ақпаратты жібереді.»;

19 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«19. Негізгі қуаттың бос көлемінің болуы, олардың құны, қол жеткізу шарттары туралы ақпарат негізгі қуат иесінің интернет-ресурсында орналастырылады.

Интернет-ресурс болмаған кезде ақпарат нарық субъектісінің сұрау салуы бойынша 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынылады.

Осы тармақта көрсетілген талаптар электр энергиясын орталықтандырылмаған сатып алу-сату нарығындағы негізгі қуат иелеріне қолданылмайды.»;

осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес электр энергиясын орталықтандырылмаған сатып алу-сату және меншікті генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын желіге жіберу үшін еркін сату нарығында сатуға жоспарланған келісім-шарт жасалған, туралы ақпарат нысанымен толықтырылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Отын – энергетика кешені департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Агенттік төрағасының орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Лауазымы

 

ТАӘ

 

приказ
Дата публикации
31 января 2023