«Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 428 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі туралы ережеде:
9 және 26-тармақтардағы «Нұр-Сұлтан» деген сөз «Астана» деген сөзбен ауыстырылсын;
15-тармақта:
60) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«60) нарық субъектілеріне Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда мәмілелерді (іс-қимылдарды) жүзеге асыруға алдын ала келісім беру;»;
мынадай мазмұндағы 60-1) тармақшамен толықтырылсын:
«60-1) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда нарық субъектілерін мемлекеттік тіркеуге, қайта тіркеуге, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке құқықтарға келісім беру;»;
мынадай мазмұндағы 84-1) тармақшамен толықтырылсын:
«84-1) өтініш берушілер көтеретін жүйелі проблемаларды талдау және анықтау;»;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің құрылымында:
«Экономикалық интеграция басқармасы» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Халықаралық ынтымақтастық және экономикалық интеграция департаменті».
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ. Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы