«Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерін анықтау мақсатында тауар нарықтарында бағаларға мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 2 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерін анықтау мақсатында тауар нарықтарында бағаларға мониторинг жүргізу қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Монополияға қарсы органның аумақтық бөлімшелері осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның, жергілікті атқарушы органдардың, тиісті тауар нарықтарында тауарларды өндіруді және (немесе) өткізуді жүзеге асыратын нарық субъектілерінің атына тиісті сұрау салулар жіберу арқылы, сондай-ақ ашық көздерден алынған ақпаратты пайдалану арқылы тауар нарықтарындағы бағалар туралы ақпарат жинауды жүзеге асырады.
Тауар нарықтарындағы бағалар туралы ақпарат ағымдағы баға жағдайына одан әрі талдау жүргізу үшін жинақтау және жүйелеу жолымен өңделеді.»;
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тауар нарықтарындағы бағалар туралы ақпарат нысанымен толықтырылсын.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
|
бұйрыққа 1-қосымша |
Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерін анықтау мақсатында тауар нарықтарында бағаларға мониторинг жүргізу қағидаларына қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Тауар нарықтарындағы бағалар туралы ақпарат нысаны
Ұсынылады: сұраныс бойынша монополияға қарсы органға.
Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурста орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/zk?lang=kk
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: тиісті тауар нарықтарында тауарлар өндіруді және (немесе) өткізуді жүзеге асыратын нарық субъектілері.
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: сұраныс бойынша.
Тауар нарықтарындағы бағалар туралы ақпарат
|
Нарық субъектісінің толық атауы |
Тауар |
Тауар бірлігінің бағасы (ҚҚС есебімен) |
Бағаның көтерілу себептері (бар болса) |
|||||
|
Тауар түрі |
ЕАЭО СЭҚ ТН тауар коды |
Тауардың сауда белгісі |
Тауардың өлшем бірлігі |
|||||
|
Алдыңғы есепті кезеңде |
Ағымдағы есепті кезеңде |
|||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Ескерту: аббревиатуралардың транскрипциясы:
ЕАЭО СЭҚ ТН – кеден органдары мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар кедендік операцияларды жүргізу мақсатында қолданатын тауарлардың жіктеуіші.
Тауар нарықтарындағы бағалар туралы ақпарат нысанына қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тауар нарықтарындағы бағалар туралы ақпарат
(жиілігі: сұраныс бойынша)
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме