«Жекелеген тауар нарықтарында және (немесе) нарықтың жекелеген субъектілерінің тауарларына, жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 262 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 116-бабы 3-тармағының 9) тармақшасына және 119-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жекелеген тауар нарықтарында және (немесе) нарықтың жекелеген субъектілерінің тауарларына, жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Жекелеген тауар нарықтарында және (немесе) нарықтың жекелеген субъектілерінің тауарларына, жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 116-бабы 3-тармағының 9) тармақшасына және 119-бабына сәйкес әзірленді және жекелеген тауар нарықтарында және (немесе) нарықтың жекелеген субъектілерінің тауарларына, жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу тәртібін айқындайды.»;
3- тармақ алынып тасталсын;
7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жекелеген нарық субъектілерінің тауарларына, жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне – монополияға қарсы органның шекті бағаны белгілеу туралы шешімі қабылданған күні басталады.»;
16 тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге шекті бағаны белгілеу үшін нарық субъектілері белгіленген мерзімде монополияға қарсы органға мынадай құжаттарды ұсынады:»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 7 қыркүйектегі № 34 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша еңбек жөніндегі есеп (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 11 ақпанда № 21183 болып тіркелген);»;
21, 22, 23, 24, 25, 26 және 27-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Шекті бағаға енгізілетін пайда деңгейін монополияға қарсы орган тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге уақытша мемлекеттік баға реттеу енгізілетін қызметтерді көрсетуге тікелей қолданысқа енгізілген қолдағы бар активтерді кеңейтуге, қалпына келтіруге, жаңартуға, қолдауға, негізгі құралдарды реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңа активтерді құруға және сатып алуға тартылған ағымдағы қарыз (болған жағдайда) кәсіпорынның міндеттемелерін ескере отырып айқындайды.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғанынан кейін Агенттіктің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі