Монополияға қарсы органның ұқсас тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіруді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жоқтығы туралы қорытынды беру қағидаларын бекіту туралы
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 3-тармағының 27 тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Төраға С. Жұманғарин
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының
2022 жылғы « »
№ бұйрығымен
бекітілген
Монополияға қарсы органның ұқсас тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіруді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жоқтығы туралы қорытынды беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
әлеуетті өнім беруші - Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында белгіленген, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі серіктестік және өзі оларға қатысты Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорын.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде және өзге де нормативтік құқықтық актілерде айқындалған.
2-тарау. Монополияға қарсы органның ұқсас тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіруді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жоқтығы туралы қорытындысын беру тәртібі
Қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсыну кезеңінде өтінішхатты қарау мерзімі тоқтатыла тұрады, бұл туралы уәкілетті орган өтінішхат берген мемлекеттік органды мерзім тоқтатыла тұрған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
1) жеке зерттеулер;
2) маркетингтік, әлеуметтік зерттеулер, іріктеп сауалнамалар және нарық субъектілеріне, азаматтарға, қоғамдық ұйымдарға сауалнама жүргізу;
3) мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан алынған мәліметтер;
4) ресми статистикалық ақпарат;
қауымдастықтардың, қоғамдық бірлестіктердің, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының деректері.
1) тауар нарығын және оның географиялық шекараларын айқындау;
2) тиісті тауар нарығында жұмыс істейтін нарық субъектілерінің санын айқындау;
3) қорытынды беру.
1) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауын;
2) ұқсас тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіруді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жоқтығы туралы тұжырымын көрсете отырып береді.
Монополияға қарсы органның ұқсас тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіруді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жоқтығы туралы қорытындысын беру қағидаларына қосымша
Нысан
__________________________
(уәкілетті органның толық атауы)
__________________________
(мемлекеттік органның
толық атауы)
Монополияға қарсы органның ұқсас тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіруді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жоқтығы туралы қорытындысын беру туралы өтінішхат
Монополияға қарсы органның ұқсас тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіруді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жоқтығы туралы қорытындысын беруіңізді сұраймын.
Осы өтінішхатқа осы нысанға қосымшаға сәйкес материалдар қоса беріледі.
Қоса берілген құжаттардың толықтығы мен дұрыстығын растаймын.
Мемлекеттік орган басшысының,
орынбасарының қолы
«__» ___________ 20___ж. (қолы).
Монополияға қарсы органның ұқсас тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіруді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жоқтығы туралы қорытындысын беру туралы өтінішхат нысанына қосымша
|
1. |
Байланысушы адам |
Оның өкілеттігін растайтын құжатты қоса бере отырып, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, мекенжайы, телефоны көрсетіледі
|
|
2. |
Бір көзден сатып алуды жүзеге асыру мақсаты |
Негіздемелер мен мақсаттар санамаланады. Жоспарланатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бір көзден алу тәсілімен жүзеге асырылатын себептер көрсетіледі. |
|
3. |
Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) бір көзден сатып алу жоспарланатын тауар нарығының шекаралары |
Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынатын аумақтардағы әкімшілік шекаралар (аудан, қала, облыс, республика) |
|
4. |
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бір көзден сатып алудың жоспарланған көлемі |
Мәліметтер заттай және құндық мәнде беріледі |
|
5. |
Әлеуетті өнім берушіден сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді көрсету кезеңі |
Әлеуетті өнім берушіден сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді көрсетудің болжамды мерзімі көрсетіледі |
Ескертпе. Әрбір сұраққа толық жауап беріледі. Толық ақпарат беру мүмкін болмаған кезде бағалау немесе болжамдық ақпарат оның бағалау немесе болжамдық болып табылатыны көрсетіле отырып ұсынылады, сондай-ақ оны алу көздері және бағалау мен болжамның пайдаланылған әдістері көрсетіледі.