О внесении изменений и дополнения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 30 ноября 2015 года № 746 "Об утверждении Положения и регламента согласительной комиссии"

   

БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Келісу комиссиясының ережесі мен регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 746 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12593 болып тіркелген, 2016 жылғы 12 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Келісу комиссиясы туралы ережеде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Комиссия функциялары:

      1) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру қорытындысы бойынша қорытындылардың жобаларын олардың толықтығы мен онда келтірілген бұзушылықтар фактілерінің дәлелдемелері тұрғысынан қарау;

      2) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру қорытындысы бойынша қорытынды жобасын қарау нәтижелері бойынша ескертулер мен ұсынымдар енгізу және тергеп-тексеру жүргізетін лауазымды адамға (лауазымды адамдарға) жұмыс үшін жіберу;

      3) тергеп-тексеру жүргізетін лауазымды адамның (лауазымды адамдардың) уәжді қорытындысын қарау;

      4) уәжді қорытындыны қарау нәтижелері бойынша тергеп-тексеру жүргізетін лауазымды адамға (лауазымды адамдарға) ескертулер мен ұсынымдар енгізу.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Келісу комиссиясының Регламентінде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Тергеп-тексеру объектісі өкілінің қарсылықтарын қарау кезінде Комиссия мүшелері тергеп-тексеру объектісі өкілінің қарсылығын қабылдау немесе қабылдамау бойынша өз пікірін Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сүйене отырып білдіреді.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Хаттамаға Комиссия төрағасы қол қояды және тергеп-тексеру объектісінің және тергеп-тексеру жүргізетін лауазымды адамның (адамдардың) назарына жеткізіледі.";

      мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:

      "17-1. Тергеп-тексеру жүргізетін лауазымды адам (лауазымды адамдар) Комиссияның ескертулері мен ұсынымдарымен келіспеген жағдайда Комиссияның қарауына жататын уәжді қорытынды қалыптастырады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
"Келісу комиссиясының ережесі мен регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 746 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Дата публикации
24 февраля 2020