Мемлекеттің кәсіпкерлік ортаға қатысуының орындылығын анықтау мақсатында секторалдық талдау жүргізу қағидаларын
бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) туралы ереженің 7-тармағына және 19-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
|
|
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі төрағасының
2022 жылғы
№ бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттің кәсіпкерлік ортаға қатысуының орындылығын анықтау мақсатында жай-күйге секторалдық талдау жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
3) Герфиндаль-Гиршман индексін есептеу заңды тұлғалар бойынша салық базасынан төленген салықтар бойынша деректерге сәйкес жанама әдіспен жүргізіледі.
1) мемлекеттік мүлік тізілімінен;
2) статистикалық бизнес-тіркелімнен;
3) заңды тұлғалар бойынша салық базасынан алынған деректер пайдаланылады.
2-тарау. Секторалдық талдау жүргізу тәртібі
1) сала кәсіпорны оқшауланған елді мекенге байланыстыру үшін «ӘАОЖ-ЭҚЖЖ4» тізбегіндегі кәсіпорындар бойынша бақылауды біріктіру.
Мысалы, Алматы қаласында «электр энергиясын беру» саласы бойынша «елді мекен-сала» байланысы мынадай түрде кодталады:
«750000000-3512»
мұндағы:
750000000 –Алматы қ. ӘАОЖ;
3512 – сала ӘҚЖЖ.
2) негізгі көрсеткіштердің есебін жүргізу:
жекелеген елді мекендегі сектор салықтарына мемлекеттің қатысу үлесі
елді мекендегі сектордың монополиялану дәрежесі.
Экономика салаларындағы кәсіпорындардың шоғырлануын есептеу үшін барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің тауар нарығындағы үлестерінің квадраттарының сомасы ретінде есептелетін Герфиндаль-Гиршман индексі пайдаланылады:
бұл жерде:
Di – тауар нарығында қызметін жүзеге асыратын і-шаруашылық жүргізуші субъектінің пайызбен көрсетілген үлесі;
n – тауар нарығында қызметін жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің жалпы саны.
Индекс 0-ден 1-ге дейін өзгеруі мүмкін. Бұл ретте, 0,1800-1 мәні жоғары шоғырланған, 0,1000-0,1800 – орташа шоғырланған және <0,1000 – төмен шоғырланған болып табылады.
Алайда, шаруашылық жүргізуші субъектілердің тауарын өткізу көлемі бойынша деректер болмаған жағдайда, тікелей есептеу мүмкін емес. Осы мақсатта индексті есептеу үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің заңды тұлғалар бойынша салық базасына сәйкес төленген салықтар бойынша деректер пайдаланылады.
Осылайша, Герфиндаль-Гиршман индексі мынадай формула бойынша есептеледі:
3) екі көрсеткіш бойынша «ӘАОЖ-ЭҚЖЖ» тізбектерін санаттау матрицасын жасау:
сала салықтарына мемлекеттің қатысу үлесі тік ось (Y) бойынша көрсетіледі;
Герфиндаль-Гиршман индексі көлденең ось (X) бойынша көрсетіледі.
Матрица квадранттарын бөлуге арналған шектер:
мемлекеттің қатысу үлесі бойынша-35% (α)
Герфиндаль-Гиршман индексі бойынша-0.1800 (β)
Мысалы, «елді мекен-сала» тізбектерін санаттау матрицасы
|
Герфиндаль-Гиршман индексі |
|
β =0.1800 |
|
α =35% |
4) салалардың санаттарын айқындау.
1-санат - жергілікті мемлекеттік монополиялар - салықтардағы кәсіпорындардың үлесі жоғары «ӘАОЖ-ЭҚЖЖ» тізбектері (>35%), және жоғары HHI (>0.18).
Бұл санат үшін мынадай шешімдер қолданылады.
Ұлттық басқарушы холдингтердің топтарына кіретін және коммерциялық секторларда қызметін жүзеге асыратын кәсіпорындарға қатысты қаржы нарығын дамыту үшін қор нарығында жария орналастыру жекешелендірудің неғұрлым қолайлы әдісі болады.
Сектордың коммерциялық тартымдылығы жоғары ірі елді мекендерде қоғамдық маңызы бар қызметтер көрсету саласында жұмыс істейтін ірі және орта кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік үлесті сату жөніндегі аукцион құралы тиімді болып табылады. Сатуды жүзеге асырғаннан кейін компанияның қызметіне монополияға қарсы мониторинг қамтамасыз етіледі.
Шағын елді мекендерде қоғамдық маңызы бар қызметтер көрсететін кәсіпорындарға қатысты «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) шеңберінде «басқарушы келісімшарт» әдісі қолданылады.
Бұл әдісті қолдану мемлекет активтеріне бақылауды сақтауға және жеке басқаруға беру есебінен кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
2-санат - кәсіпорындардың айтарлықтай қатысуы, монополияланудың төмен дәрежесі - салықтардағы кәсіпорындардың үлесі жоғары ) «ӘАОЖ-ЭҚЖЖ (>35%) және төмен HHI (<0.18) тізбектері.
Мемлекеттің осы санаттағы кәсіпорындардан шығуы жеке монополия құруға кедергі келтіретін жағдайларда жүзеге асырылады. Бұл санат үшін мынадай шешімдер қолданылады:
қосымша инвестицияларды талап етпейтін және/немесе Заңға сәйкес әлеуметтік сипаттағы қоғамдық маңызы бар қызметтерді көрсететін кәсіпорындар үшін басқарушы келісімшарт жасасу арқылы жеке секторға беру;
қосымша инвестицияларға мұқтаж және Заңға сәйкес қоғамдық маңызы бар қызметтерді көрсететін кәсіпорындар үшін жеке қаржылық бастама шарттарында келісім жасасу.
3-санат - кәсіпорындардың шамалы қатысуы, монополияланудың төмен дәрежесі - салықтардағы кәсіпорындардың үлесі төмен «ӘАОЖ-ЭҚЖЖ» (<50%) және төмен HHI (<0.18) тізбектері.
Мемлекеттің осы санаттан шығуы оңтайлы болып табылады және айтарлықтай шығындарға әкеп соқпайды. Бұл санат үшін мынадай шешімдер қолданылады:
4-санат - жергілікті жеке монополиялар - салықтардағы кәсіпорындардың үлесі төмен «ӘАОЖ-ЭҚЖЖ» (<50%) және жоғары HHI (>0,18) тізбектері.
Мемлекеттің бұл секторларға қатысуы шамалы. Жеке кәсіпорындардың монополиялануының жоғары деңгейі сектордың коммерциялық тартымдылығын көрсетеді. Бұл санат үшін мынадай шешімдер қолданылады:
2) нарық субъектілері тарапынан коммерциялық қызығушылық болмаған жағдайда кәсіпорынды тарату процесіне бастамашылық жасау.
3-тарау. Қорытынды ереже.