Мемлекеттік кәсіпорынды, акционерлік қоғамды, жауапкершілігі шектеулі серіктестікті арнайы құқық субъектісі ретінде айқындау қағидаларын бекіту туралы

 

Мемлекеттік кәсіпорынды, акционерлік қоғамды, жауапкершілігі шектеулі серіктестікті арнайы құқық субъектісі ретінде айқындау қағидаларын бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 193-бабының                                  3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кәсіпорынды, акционерлік қоғамды, жауапкершілігі шектеулі серіктестікті арнайы құқық субъектісі ретінде айқындау қағидалары бекітілсін.
  2. Осы қаулы 2022 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

         Қазақстан Республикасының

                 Премьер-Министрі                                                       Ә. Смайылов

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2022 жылғы «__» _____

№ 1 қаулысымен

бекітілген

 

 

Мемлекеттік кәсіпорынды, акционерлік қоғамды, жауапкершілігі шектеулі серіктестікті арнайы құқық субъектісі ретінде айқындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар)

 

1 тарау. Жалпы ережелер

 

 

  1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 193-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік кәсіпорынды, акционерлік қоғамды, жауапкершілігі шектеулі серіктестікті арнайы құқық субъектісі айқындау тәртібін айқындайды.
  2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) арнайы құқық – бәсекелестік нарықта қандай да бір тауарды өндіруге, өткізуге және (немесе) сатып алуға нарық субъектісінің заңда бекітілетін айрықша немесе артықшылықты құқығы;

2) кандидат – арнайы құқық субъектісін айқындау жөніндегі конкурсқа қатысатын акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі серіктестік;

3) конкурстық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) – конкурсқа қатысушылар берген құжаттарды қарайтын және арнайы құқық субъектісін айқындау үшін кандидаттарды іріктеуді жүзеге асыратын алқалы орган.

4) тауар – азаматтық айналым объектісі болып табылатын тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет;

5) уәкілетті мемлекеттік орган – мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

 

 

2-тарау. Мемлекеттік кәсіпорынды, акционерлік қоғамды, жауапкершілігі шектеулі серіктестікті арнайы құқық субъектісі деп айқындау тәртібі

 

  1. Заңнамалық актілердің негізінде және (немесе) оларды іске асыру үшін әзірленетін, арнайы құқық субъектілерін айқындауды көздейтін Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының жобалары осы Қағидаларда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып әзірленуге жатады.
  2. Мемлекеттік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мынадай шарттардың бірі болған кезде арнайы құқық субъектілері болып айқындалуы тиіс:

1) арнайы құқық тұтынушылардың айқындалмаған тобына тауарларды өткізуді көздейді;

2) арнайы құқық нарық субъектісіне тиісті немесе сабақтас тауар нарығын бақылауға мүмкіндік береді, оның ішінде тауарлар айналымының жалпы жағдайларына елеулі ықпал етуге мүмкіндік береді.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген шарттарды белгілеу тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне жүргізілген талдау нәтижелері бойынша монополияға қарсы органның қорытындысымен расталады.

  1. Қағидалардың ережелері Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өздеріне жүктелген функцияларды жүзеге асыруға ықпал ететін және (немесе) қаржы нарығы инфрақұрылымының бір бөлігі болып табылатын еншілес ұйымдарының, табиғи монополия субъектілерінің қызметіне қолданылмайды.
  2. Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі заңды тұлғаны арнайы құқық субъектісі деп айқындау Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша конкурс өткізілмей жүзеге асырылады.
  3. Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызынан азы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі заңды тұлғаны арнайы құқық субъектісі деп айқындауға акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі заңды тұлғаны арнайы құқық субъектісі деп айқындау мүмкін болмаған кезде ғана жол беріледі.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайда уәкілетті мемлекеттік органдар кемінде бес жылда бір рет осы тарауда белгіленген тәртіппен конкурс өткізеді.

 

 

1-параграф. Конкурсты өткізу тәртібі

 

  1. Конкурс Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, конкурсқа қатысуға ниет білдірген және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін кандидаттар арасында өткізіледі.
  2. Комиссияның құрамын, конкурстық құжаттаманы, конкурстың өткізілетін орнын, күні мен уақытын бекітетін уәкілетті мемлекеттік орган конкурсты ұйымдастырушы болады.
  3. Комиссия уәкілетті мемлекеттік органдардың басшылары және (немесе) орынбасарлары, монополияға қарсы органның, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері және тәуелсіз сарапшылар қатарынан кемінде 9 мүшеден құрылады.

Тәуелсіз сарапшылар ретінде конкурс жариялаған уәкілетті мемлекеттік органның қызметкерлері болып табылмайтын, тиісті салада кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар әрекет етеді.

  1. Комиссия құрамына төраға, төрағаның орынбасары, Комиссия мүшелері және хатшысы кіреді. Комиссия төрағасы болмаған жағдайда, төрағаның функциялары Комиссия төрағасының орынбасарына жүктеледі.

Төраға уәкілетті мемлекеттік органның қызметкерлері қатарынан Комиссия хатшысын тағайындайды, ол хаттама жүргізеді. Комиссия хатшысы оның мүшесі болып табылмайды және шешім қабылдау кезінде дауыс беру құқығы жоқ.

  1. Комиссияның отырысы, егер оған оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі.
  2. Монополияға қарсы органға ақпарат беру жағдайларын немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де жағдайларды қоспағанда, конкурс аяқталғанға дейін уәкілетті мемлекеттік орган қызметкерлерінің комиссия құрамы және кандидаттар туралы мәліметтерді жария етуіне жол берілмейді.
  3. Комиссия жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес және коммерциялық ұйымдардың өкілдері, арнайы құқыққа жатқызылған тауарларды әлеуетті тұтынушылар қатыса алады.

  1. Арнайы құқық субъектісін айқындау жөніндегі конкурс бірқатар дәйекті кезеңдерді қамтиды:

1) конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау;

2) конкурсқа қатысуға ниет білдірген заңды тұлғалардан құжаттарды қабылдау (конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күнінен кем емес);

3) конкурсқа қатысушылар құжаттарының осы Қағидаларға сәйкестігін алдын ала қарау;

4) Комиссия өткізетін кандидаттармен әңгімелесу;

5) Комиссияның қорытынды отырысы.

  1. 1 Уәкілетті мемлекеттік орган арнайы құқық субъектісін айқындау жөніндегі конкурс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік отыз күн бұрын өзінің интернет-ресурсында конкурс өткізу туралы хабарландыруды бір мезгілде мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырады және республикалық баспа басылымдарында жариялайды. Конкурсты қайта өткізген жағдайда – қайта конкурс өткізілетін күнге дейін 10 жұмыс күні бұрын.

 

 

2-параграф. Конкурстық өтінімдердің мазмұны және оларды ұсыну

 

  1. Конкурсқа қатысушылар конкурстық құжаттамаға сәйкес конкурстық өтінімді ұсынады, онда мыналар қамтылуға тиіс:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшада белгіленген нысан бойынша конкурсқа қатысуға конкурсқа қатысушы толтырған және қол қойған өтінімді ұсынады;

2) осы Қағидаларға 2-қосымшада белгіленген нысан бойынша конкурсқа қатысу үшін мәліметтер.

  1. Конкурстық өтінім мен қоса берілетін құжаттар уәкілетті мемлекеттік органға мемлекеттік және орыс тілдерінде желімделген конвертте ұсынылады. Ұсынылған құжаттардың барлық парақтары өзара тігілуге, нөмірленуге және оған конкурсқа қатысуға ниет білдірген заңды тұлғаның уәкілетті адамы қол қоюға тиіс.

 

 

3-параграф. Конкурстық өтінімдерді ашу, бағалау және салыстыру

 

  1. Комиссия конверттерді ашады және конкурстық өтінімдерді Комиссия отырысында конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген орында, күні мен уақытта конкурсқа қатысушылардың барлық келген уәкілетті өкілдерінің қатысуымен қарайды.
  2. Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде Комиссия қатысып отырған адамдарға конкурсқа қатысушылардың атауын және орналасқан жерін, конкурстық өтінімді құрайтын құжаттардың болуын немесе болмауын хабарлайды.
  3. Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімі бойынша Комиссия хатшысы ашу хаттамасын жасайды, оған Комиссия төрағасы, оның орынбасары, хатшы және Комиссия мүшелері қол қояды.
  4. Комиссия конкурстық өтінімдерді олардың конкурстық құжаттамаға қойылатын талаптарға толық сәйкестігі тұрғысынан зерделейді. Конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін конкурстық өтінімдерді Комиссия қабылдамайды және олар конкурсқа қатысушыларға қайтарылуға жатады.

 

 

4-параграф. Кандидаттармен әңгімелесу

 

  1. Әңгімелесудің мақсаты кандидаттардың дайындығын бағалау, оның ішінде:

1) арнайы құқық енгізілетін тауарларды өндіруге және өткізуге қажетті ресурстардың болуы;

2) облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда филиалдарының, өкілдіктерінің және (немесе) өзге де құрылымдық бөлімшелерінің болуы;

3) өз инфрақұрылымына техникалық қызмет көрсету үшін білікті персоналдың болуы;

4) кандидатты материалдық-техникалық қамтамасыз ету.

  1. Кандидатпен әңгімелесу барысы жеке түрдегі хаттамамен ресімделеді немесе техникалық жазба құралдарының көмегімен белгіленеді.

Кандидатпен әңгімелесу хаттамасына Комиссия төрағасы, мүшелері, кандидат, сондай-ақ хаттамалауды жүзеге асыратын хатшы қол қояды.

 

 

5-параграф. Конкурс өткізу қорытындысын шығару

 

  1. Әңгімелесу өткізілгеннен кейін 15 жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізілетін қорытынды отырыста Комиссия кандидаттарды берген құжаттары, өткізілген әңгімелесудің нәтижелері негізінде бағалайды және олардың қатарынан арнайы құқық субъектісін айқындау үшін іріктеуді жүзеге асырады.
  2. Комиссияның шешімі кандидат қатыстырылмай, ашық дауыс беру жолымен қабылданады.
  3. Комиссияның шешімі, егер отырысқа оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі.
  4. Кандидат, егер оған Комиссия құрамынан қатысушылардың көпшілігі дауыс берген жағдайда, оң қорытынды алады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
  5. Комиссия отырысының қорытындылары бойынша Комиссияның хаттамасы ресімделеді, онда атауы, орналасқан жері, кандидаттардың деректемелері және олардың негізінде конкурс жеңімпазы айқындалған шарттар, конкурстық өтінімдері қабылданбаған конкурсқа қатысушылардың атауы мен орналасқан жері, олардың қабылданбау себептері көрсетіле отырып жазылады.
  6. Конкурстың қорытындыларын шығару туралы хаттамаға қорытынды отырыс өткізілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссия төрағасы, оның орынбасары және Комиссияның барлық қатысқан мүшелері, сондай-ақ Комиссия хатшысы қол қояды.
  7. Конкурстың нәтижелері республикалық баспа басылымдарында және уәкілетті мемлекеттік органның интернет-ресурсында конкурс қорытындыларын шығару туралы хаттамаға қол қойылған күннен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірілмей бір мезгілде мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады.
  8. Комиссия конкурсты өтпеді деп таниды, егер:

1) оған екіден кем кандидат қатысса;

2) бірде-бір конкурстық өтінім берілмесе;

3) конкурсқа қатысушылардың барлығы арнайы құқық субъектісіне қойылатын талаптарға және (немесе) конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмесе.

  1. Бір конкурсқа екі рет жалғыз өтінім келіп түскен жағдайда, осы Қағидаларға сәйкес белгіленген талаптарға сәйкес келетін жалғыз қатысушы арнайы құқық субъектісі болып танылады.
  2. Өткізілген конкурс нәтижелері бойынша туындаған барлық дауларды Комиссия қарайды. Комиссияның дауды қарау нәтижелері бойынша қабылданған шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
  3. Уәкілетті мемлекеттік орган конкурстың қорытындылары туралы хаттаманың негізінде арнайы құқық субъектісін айқындау туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын әзірлейді және оны белгіленген тәртіппен монополияға қарсы органға, басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға келісуге жолдайды.
  4. Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорын, акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызынан азы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі, осы Қағидаларға сәйкес арнайы құқық субъектісі айқындаған заңды тұлға Мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілуге жатады.

 

 

3-тарау. Арнайы құқық субъектісі мәртебесінен айыру

 

  1. Арнайы құқық субъектісі мәртебесінен айыру мынадай жағдайларда:

1) арнайы құқық субъектісі 193-баптың талаптарын күнтізбелік бір жыл ішінде екі және одан да көп рет бұзған немесе тауар нарығындағы өзінің монополиялық жағдайын теріс пайдаланғанда;

2) арнайы құқық субъектісінің акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) үшінші тұлғаларға иеліктен шығару арқылы жүзеге асырылады.

  1. Егер арнайы құқық субъектісі күнтізбелік бір жыл ішінде екі және одан да көп рет Кодекстің 174 және 193-баптарында көзделген бұзушылықтар үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған және (немесе) өзіне тиесілі акцияларды (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иеліктен шығаруды жүзеге асырған жағдайларда, монополияға қарсы орган Қазақстан Республикасының Үкіметіне арнайы құқық мәртебесінен айыру туралы ұсыныс жібереді.
  2. Арнайы құқық мәртебесінен айыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.
  3. Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілетті мемлекеттік органға арнайы құқық субъектісі мәртебесінен айыру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын әзірлеуді және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне енгізуді тапсырады.
  4. Арнайы құқық субъектісі мәртебесінен айырылған акционерлік қоғамның, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің шешім қабылданған кезден бастап келесі бес жыл ішінде арнайы құқық субъектісін айқындау жөніндегі конкурсқа қатысуына тыйым салынады.
  5. Арнайы құқық мәртебесінен айырылған мемлекеттік кәсіпорын, акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі серіктестік Мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің мемлекеттік тізілімінен шығарылады.

 

Мемлекеттік кәсіпорынды, акционерлік қоғамды, жауапкершілігі шектеулі серіктестікті арнайы құқық субъектісі деп айқындау қағидаларына

1-қосымша

 

Конкурсқа қатысуға өтінім

 

(Кімге) ______________________________________________________________

                              (конкурсты ұйымдастырушының атауы)

(Кімнен) ____________________________________________________________

                        (заңды тұлғаның толық атауы көрсетіледі)

____________________________________________________ осы өтініммен

    (заңды тұлғаның толық атауы көрсетіледі)

конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес арнайы құқық субъектісін айқындау жөніндегі конкурсқа қатысуға өзінің ниетін білдіреді.

____________________________________________________

     (заңды тұлғаның толық атауы көрсетіледі)

конкурстық құжаттамамен танысқанын және осы конкурсқа қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарда жалған мәліметтерді ұсынғаны үшін өзіне толық жауапкершілік алатынын растайды.

Осы конкурстық өтінім мыналардан тұрады:

____________________________________________________________________

(конкурсқа қатысуға өтінімге қоса берілетін құжаттар тізбесі)

Осы конкурстық өтінім конкурстық өтінімдер бар конверттерді ашқан күннен кейін             _____________________________күн ішінде жарамды болады

      (жазумен)

конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу.

__________________________________________________________ атынан және

       (заңды тұлғаның толық атауы көрсетіледі)

тапсырмасы бойынша конкурстық өтінімге қол қоюға барлық өкілеттігі бар

________________________________________________       ____________________

(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)                            (Қолы, күні)

 

 

Мемлекеттік кәсіпорынды, акционерлік қоғамды, жауапкершілігі шектеулі серіктестікті арнайы құқық субъектісі деп айқындау қағидаларына

2-қосымша

 

 

Арнайы құқық субъектісін айқындау жөніндегі конкурсқа қатысу үшін уәкілетті мемлекеттік органға ұсынылатын материалдар мен мәліметтердің тізбесі

 

1.               

Ұйым басшысы

Оның өкілеттігін растайтын құжатты қоса бере отырып, Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса), лауазымы, мекенжайы, телефоны көрсетіледі

2.               

Конкурсқа қатысушының ұйымдық-құқықтық нысаны

Ұйымдастыру-құқықтық нысаны көрсетіледі

3.               

Конкурсқа қатысушының жарғылық капиталының шамасы

Оны қалыптастыру көзі көрсетіле отырып, жарғылық капиталдың сомасы көрсетіледі

4.               

Конкурсқа қатысушының Жарғыға сәйкес қызмет түрлері

Кандидат қызметінің барлық түрлері санамаланады (ЭҚЖЖ статистикалық кодтарын көрсете отырып)

5.               

Конкурсқа қатысушының құрылтайшылары (қатысушылары) туралы мәліметтер

Әрбір құрылтайшы (қатысушы) бойынша жалпы ақпарат:

саны акцияларды (қатысу үлестерін, пайларын) нарық субъектісінің жарғылық капиталындағы;

нарық субъектісінің жарғылық капиталындағы дауыс беру құқығы бар акциялардың (қатысу үлестерінің, пайлардың) жалпы санынан пайызбен берілген үлестер;

құрылатын нарық субъектісіне қатысты құқықтар мен өкілеттіктер

6.               

Жоспарланатын шығындар негізінде арнайы құқыққа жатқызылған тауарды өндірудің, өткізудің болжамды бағасы

Жоспарланатын шығындар негізінде айқындалған арнайы құқыққа жатқызылған тауарды өндірудің, өткізудің болжамды бағасы көрсетіледі

7.               

Конкурсқа қатысушының үш жылдық кезеңге арналған арнайы құқыққа жатқызылған тауарды өткізудің жоспарланған көлемі

Конкурсқа қатысушының өндірістік қуатына сәйкес үш жылдық кезеңге арналған арнайы құқыққа жатқызылған тауарды өткізудің жоспарланған көлемі көрсетіледі

8.               

Конкурсқа қатысушының материалдық - техникалық және адами ресурстары туралы жалпы мәліметтер

Конкурстық құжаттамаға сәйкес ақпарат көрсетіледі

9.               

Конкурстық комиссияның қарауына қажетті қосымша материалдар

Қолданыстағы Жарғының көшірмесі және конкурстық комиссия мүшелерінің сұрау салуы бойынша өзге де құжаттар

 

Ескерту: аббревиатураның толық жазылуы:

ЭҚЖЖ - Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші.

Ескерту. Әрбір сұраққа толық жауап беріледі. Толық ақпарат беру мүмкін болмаған кезде бағалау немесе болжамдық ақпарат оның бағалау немесе болжамдық болып табылатыны көрсетіле отырып ұсынылады, сондай-ақ оны алу көздері және бағалау мен болжамның пайдаланылған әдістері көрсетіледі.

пп
Дата публикации
14 апреля 2022