«Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №150 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

 

«Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №150 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

 

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. «Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы
    29 желтоқсандағы №150 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

жоғарыда көрсетілген Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:

«2. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар» тарауында:

«Б» корпусы деген бөлімде:

В санаттарының тобында:

В-1 санатында:

«Құрылымдық бөлімшенің басшысы» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз хатшысы»;

В-3 санатында:

«Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз хатшысы» деген жол алып тасталсын;

С санаттарының тобында:

С-О-3 санаты санатында:

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің), Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық органының басқарма басшысы» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің), Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің аумақтық органының басқарма басшысы».

  1. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

      Президенті                                                                               Қ.Тоқаев

 

 

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жыл

 

№

указ
Дата публикации
04 апреля 2022