«Тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 741 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын::
«Тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 196-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу жөніндегі әдістеме бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу әдістемесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу әдістемесі»;
1-тармақтың бірінші және екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) талдау жүргізу машықтарын практикалық игеру мақсатында қолданылады және тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйін немесе ондағы нарық субъектілерінің жағдайына талдау жасауды талап ететін жағдайларда, оның ішінде:
1) Кәсіпкерлік кодекстің 176-1-бабына сәйкес осы тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйін айқындау және (немесе) нгегізгі қуатты анықтау мақсатында тауар нарықтарына талдау жүргізу кезінде;»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу мерзімі он екі айдан аспайды.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау осы Әдістемеге қосымшада көрсетілген жалпы және ерекше өлшемшарттарға сәйкес жүргізіледі.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу үшін тауар нарықтарын іріктеуді жүзеге асырудың мақсаттары:
бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу үшін тауар нарықтарын іріктеудің басымдылығын айқындау;
бәсекелестікті қорғау және дамыту, оның ішінде монополистік қызметтің алдын алу және жолын кесу бойынша жүргізілетін жұмыстың тиімділігін арттыру.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) тауарлардың бірін-бірі өзара алмастыру өлшемшарттарын айқындау;
2) тауар нарығының шекараларын айқындау,
3) тауар нарығын зерттеудің уақыт аралығын айқындау;
4) тауар нарығында жұмыс істейтін нарық субъектілерінің құрамын айқындау;
5) тауар нарығының көлемі мен нарық субъектілерінің үлесін есептеу;
6) тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйін бағалау;
7) тауар нарығына кіру тосқауылдарын айқындау;
8) нарықты талдау жөніндегі тұжырымдар.
Экономикалық шоғырлануды мемлекеттік бақылау, сондай-ақ үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдаланудың бәсекелестікке қарсы келісімдері мен келісілген іс-қимылдарының белгілерін анықтау кезінде тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйін талдау осы тармақтың 6), 7) тармақшаларын алып тастайды.
Егер үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану белгілерін анықтау кезінде тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйін талдау нарық субъектісінің үлесі отыз бестен астам, бірақ елу пайыздан аз пайызды құрайтындығын немесе нарық субъектілерінің жиынтық үстемдігі бар екендігін көрсеткен жағдайда, осы тармақта көзделген барлық кезеңдерді сақтай отырып, тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу қажет.
Нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы сатылас келісімдерін қарау кезінде тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау жүргізу талап етілмейді.
Мемлекеттің кәсіпкерлік ортада болу мақсаттылығын белгілеу мақсатында мемлекеттік заңды тұлғалардың қызметіне талдау жүргізу осы тармақта көзделген кезеңдердің негізінде, сондай-ақ осы Әдістеменің 50, 51, 52 және 53-тармақтарына сәйкес жүргізілетін мемлекеттің тауар нарығында болу мақсаттылығын бағалау кезеңін қамтитын ерекшеліктермен жүргізіледі.»;
6-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау кезінде бастапқы ақпарат ретінде:»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органнан және оның аумақтық органдарынан алынған мәліметтер;»;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) монополияға қарсы органның өз зерттеулерінің деректері;»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Өзара алмастырылатын тауарларды айқындау кезінде монополияға қарсы орган тұтынушыларға сауал қою қорытындылары бойынша ақпаратты пайдаланады.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне перспективалық талдау жүргізу кезінде зерделеу жүргізу кезінде қалыптасқан нарықтық бағалар қолданылуы мүмкін.»;
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Тауар нарығының талданатын кезеңін монополияға қарсы орган басшысының жетекшілік ететін орынбасары және (немесе) монополияға қарсы органның аумақтық бөлімшесінің басшысы айқындайды.»;
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«38. Қажет болған жағдайда, тауар нарығының нақты көлемдерінен тыс монополияға қарсы орган тауар өндірудің жоспарланған көлемдерін, тауарларды әкелуге және әкетуге тыйымдарды есепке алып, болжау деректерін айқындауы мүмкін.»;
«54. Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша тұжырымдар мынадай бөлімдерді қамтиды:
1) жалпы ережелер;
2) зерттеудің уақыт аралығы;
3) тауар нарығының шекарасы;
4) қаралып отырған тауар нарығында жұмыс істейтін нарық субъектілерінің құрамы;
5) нарықтың көлемі және нарық субъектілерінің үлесі;
6) нарық шоғырлануының деңгейі;
7) нарыққа кіру тосқауылдары;
8) тауар нарығында бәсекелестіктің жай-күйін бағалау;
9) қаралып отырған тауар нарығында бәсекелестікті дамыту жөніндегі ұсынымдар.
Егер тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау жүргізілген кезде жекелеген кезеңдер жүргізілмеген жағдайда, талдау қорытындылары бойынша тұжырымдарға тиісті бөлімдер кіргізілмейді.
Осы Әдістеменің 5-тармағының 5-бөлігінде көзделген жағдайда, бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау жөніндегі тұжырымдар жеке мемлекеттік заңды тұлғаларды, сондай-ақ қызмет түрлерін бәсекелес ортаға беру жөніндегі ұсынымдарды қосымша қамтиды.
Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша тұжырымдарды талдау жүргізуге жауапты монополияға қарсы орган ведомствосының тиісті құрылымдық бөлімшесінің немесе аумақтық органының басшысы қол қоятын жоғарыда көрсетілген реттілікте лауазымды тұлға қортыныдыда қалыптастырады.»;
осы Әдістемеге қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
|
бұйрығына қосымша
|
Тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу әдістемесіне
қосымша
Бәсекелестіктің жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу үшін
тауар нарықтарын іріктеу өлшемшарттары
Жалпы өлшемшарттарға басымдылықтардың кемуі тәртібінде мыналар:
1) тұтынушылар санының неғұрлым көп сұранысына ие, оның ішінде нормативтік құқықтық актілерде айқындалған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң) әлеуметтік маңыздылығы;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің және Президенті Әкімшілігінің тапсырмалары;
3) монополияға қарсы органның тапсырмалары (аумақтық бөлімшелер үшін);
4) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың уәжделген шағымдары, өтініштері, бұқаралық ақпарат құралдарының Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылу белгілерін көрсететін жарияланымдары;
5) Еуразиялық экономикалық одағы тауар нарықтарының ұлттық тауар нарықтарына әсері;
6) 35%-дан артық импортқа тәуелділік;
7) тұтыну бағаларының индексі есептелетін тұтыну себетіне қатысы;
8) мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға байланысты мемлекет қажеттілігінің болуы;
9) заңнама нормаларының өзгеруі;
10) нарық инфрақұрылымының өзгеруі;
11) Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңестің тапсырмалары мен ұсыныстары;
12) өңір экономикасының ерекшелігі;
13) тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) шығаруды олигополиялау және монополияландыру;
14) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнама нормаларының бұзылуы;
15) белгілі бір нарық субъектісін біріктіру немесе қосу жолымен қайта құру;
16) нарыққа қатысушылар құрамының біреулерінің кетуіне және жаңаларының келуіне байланысты өзгеруі;
17) нарықтағы субъект үлесінің өзгеруі;
18) реттелетін нарықтарда үстем немесе монополиялық жағдайларға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізілімінде тұрған нарық субъектілерінің тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер нарықтары конъюнктурасының өзгермелілігі;
19) заңсыз монополистік қызметтің жолын жедел кесуді талап ететін өзге де жағдайлар жатады.
Ерекше өлшемшарттарға:
1) қаржы қызметтері:нарықтарында:
осы саладағы мемлекеттік саясат;
тұтынушылар тарапынан көрсетілетін қызметтерге үлкен сұраныс;
қаржылық көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі;
2) сұйытылған мұнай газы және сұйытылған табиғи газ нарықтарында:
осы саладағы мемлекеттік саясат;
ішкі және сырқы нарықтарда тауарды сату мен тұтынудың өзгеруі;
техникалық регламенттер мен мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкестік;
3) көлік және байланыстың көрсетілетін қызметтері нарықтарында:
осы саладағы мемлекеттік саясат;
ел дамуының базалық экономикалық көрсеткіштерінің өзгеруі;
бағаның негізсіз өсуі жатады.