Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарды жарамсыз деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
- Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің тергеп-тексерулер департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4.Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 746 «Келісу комиссиясының ережесі мен регламентін бекіту туралы» бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12593 болып тіркелген).
- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 11 сәуірдегі № 149 «Келісу комиссиясының ережесі мен регламентін бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 746 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 15085 болып тіркелген).
- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесінің 2-тармағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 11 шілдедегі № 276 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15447 болып тіркелген).
- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 24 ақпандағы № 13 «Келісу комиссиясының ережесі мен регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 746 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 20079 болып тіркелген).